Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Әйелдер ер адамнан не күтеді?

Фото: freepik

Әйелдердің қажеттіліктері:
1) нәзіктік (романтика мен қамқорлық атмосферасы)
2) сөйлесу мүмкіндігі
3) шынайылық пен ашық айту
4) финанстық қолдау
5) ерінің отбасына адалдығы (оның әкелік парызын
орындауы)
У.Харлидің (1992) пікірінше, еркек пен әйелдің отбасын құрудағы сәтсіздіктер бір бірінің қажеттіліктерін білмеуінен туындайды. Ерлі-зайыптылар қажеттіліктерінің айырмашылығы ерекше, сондықтанда адамдарға ерлі-зайыптылық өмірге бейім- делу қиын болады. күйеуінің өз әйелінің қажеттіліктерін өтеуде ниеті таза болуы мүмкін, бірақ ол өзінікін оның қажеттілік- терімен ұқсас деп ойласа сәтсіздікке ұшырайды. Еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынас стиліндеде айырмашы- лықтар бар, ол өз алдына ерлі-зайыптыларға бірін бірі тың- дамайды және түсінбейді деген ой тудыруы мүмкін (Д. Таннэн, 1996).
Н.Н. Обозова әртүрлі авторлардың (О.Вейнингер, П.Астафьева, Г.Гейман, Б.Ананьев, В.Куликова және басқалар) талдауларына сүйене отырып, әйел мен еркектің қызметін та- ғайындау жайлы өз қортындысын жасайды:
— еркектер – сыртқы әлемді қалаушы, уақыт пен кеңіс- тіктің негізін салуда пионер;
— әйелдер – адамзат өмірін және өздерін қоршаған әлемді (балаларды, туыстарды) қорғаушы;
— еркектер – сыртқы әлемді қалай отырып, қалай негізін қаласа, солай бұзып тынуыда мүмкін;
— әйелдер – барлығын тұрақтандырып, өмірді сақталатын- дай консервілейді.

Ұқсас жаңалықтар

Екі жас бір-бірін қалай таниды?

Redaktor Site

Баланың дамуы туралы пайдалы кеңестер

Redaktor Site

Пияз қабығының пайдасы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz