Фото: freepik
Әкелік психология аналық психологияға қарағанда азырақ зерттелген. Нәрестелердің әкесінің мінез-құлқын зерттеу олардың әкелік қамқорлығының аналық қамқорлықтан айырмашылығы жоқ, әкелерде тамаша «ана» бола алады.
Объективтік қатынастар теориясында – психоанализ бағыттарының бірінде – баланың әкесімен қатынасы психоло- гиясы баланың екі жақты «Мен-ана» үш жақты «Мен-ана-әке» әлеміне айналған триангулирлік үрдіске негізделіп бейнелен- ген. Бастапқыда әке бала үшін екінші ана болады, өйткені ол ата-анасын бір тұтас қабылдайды. Бала өмірінің бірінші жылының аяғына қарай әкені ол анасының фигурасынан ерекшеленетін дербес фигура ретінде қабылдайды, өзара қатынас әлемі үш жақты болады. ата-анасының қарым-қатынасын бақылай отырып, бала алшақтатылған қатынастың симбиотикалық емес үлгісін меңгереді. Годфруаның кейбір мәліметтері бойынша бір жастағы бала әкесімен эмоционалдық байланысты орнатқанды қалайды.
Әкесінің мінез-құлқын бақылай отырып, ол анасына қарағанда оның балаға-ұлға немесе қызға әртүрлі қарайтынына, мінез-құлықтың гендерлік спецификасын қалыптастыратынына куә болады.