Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Филені қалай дайындаймыз?

Фото: freepik

Филе. Дайындалған жартылай фабрикаттарға тұз, бұрыш сеуіп, майланған қуыру ыдысында қуырып, қуыру дəрежесіне дейін апарады. Филені түрлі гарнирлермен ұсынуға болады, тұздық пен тұздықсыз.
Филені ұсынудың бірнеше əдістері бар:
табиғи филе — филеге май, ет сөлін құйып, қуырылған картоппен, күрделігарнирмен гарнирлейді.
филе тұздықта — филені сары майда қуырылған крутонда ұсынады. Қыздырылған ыдысқа крутонды салып, оған қайнатылған тіл кесектері не сүрленіп, қайнатылған шошқа етін қосып, оны филемен жауып, мадерамен қызыл тұздық не саңырауқұлақ, «Эстрагон» тұздығын құяды. Гарнирге қуырылған картоп пайдаланады;
филе қозықұйрықтармен — тұздықтағы филе сияқты дайындайды, бетіне бөктірілген қозықұйрық не қайнатылған ақ саңырауқұлақ салып, мадерамен қызыл тұздық құяды;
филе қызанақпен — табиғи филе сияқты, филені дайындайды жəне ұсынады, бірақ бетіне қуырылған жарты қызанақ салады;
филе жұлынмен — тұздықпен филедей дайындайды, бірақ оған қайнатылған жұлын кесектерін салады.

Ұқсас жаңалықтар

ЗОБ АУРУЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

redaktor_qazyr

Киімдегі түйіршікті қалай кетіреміз?

Redaktor Site

Баланың екпе салдырғаны дұрыс па?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz