Qazyr.kz порталы
ҚоғамРуханият

Біреулерге жақпайды күлгенің де

Сурет: pixabay.com

Біреулерге жақпайды күлгенің де,
Ұнамайды жер басып жүргенің де.
Күңкілдейді, күндейді қызғаныштан,
Бағы асып кетті дейді күннен-күнге.

О, тоба, ішінен ши айналмайтын,
Ешкімге жақсы сөзін қия алмайтын.
Күншілдің күні құрсын күлін шашқан,
Өзінен озса біреу көре алмайтын.

Қайтейін, сөзі бықсық қарауларды,
Сумаңдап жаны кіре жамандайды.
Қызыл итін айтақтап қызғаныштың,
Жүрегін таза адамның жаралайды.

Білмедім, күндеп жүріп не табады,
Біреуде барды неге қызғанады ?
Бәрімізге жетпей ме Жаратқанның,
О бастан үлестіріп берген бағы …

Фатима ЗАБУРАҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Үміт Битенова-Мұғаліммін

Redaktor Site

Әскерде жүріп жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге кетті

redaktor_qazyr

«Қазақ тілі мәмбеттердің тілі», — деген қыз 2 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz