Qazyr.kz порталы
Қазір

Ұстаздық – әйел адамға арналған мамандық деген түсінік неге қалыптасқан?

Ұстаздық – әйел адамға арналған мамандық деген түсінік неге қалыптасқан?

Бұл сұрақтарға нақты жауап айту қиын. Көбісі қаржылық қиындыққа шыдамайды. Ал енді бірі баламен жұмыс істегенді ұнатпауы мүмкін. Сол себепті бұл салаға ер адамдар көп келе бермейді деп айтып жатады.

Ұстаздық – әйел адамға арналған мамандық деген жаңсақ пікірге түбегейлі қарсымын. Себебі, әліппені ашқан кім? Ыбырай Алтынсарин. Абай атамыз не істеді, Ахмет Байтұрсынов не істеді? Ағартушылықпен айналысты. Ағартушы ұстаздардың барлығы дерлік ер адамдар болды. Балалар бұрын сауатты қайдан алды? Молдадан алды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс педагогика саласына үлкен зиянын тигізіп кетті. Ерлердің бәрі қолға қару алып, соғысқа аттанды. Үйде әйелдер балаларымен қалды. Тәрбиеге де, білімге де әйелдер араласып кетті. Сол себепті бұл мамандықта әйелдер үлесі басым болды. Соңғы уақытта мән беріп көрсек, мектепте дәріс беретін ер адамдар санын аздап болсада қатары артып жатқанын байқауға болады. Бір-ақ аса көңіл көншітерліктей емес

Ер мұғалімдердің рөлі мектепте қаншалықты маңызды?

Баланың мектептегі тәрбиесінде ер мұғалімнің ролі қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Гармония болған кезде бала жан-жақты дамиды.

Автор: Бағлан Ескермес

Ұқсас жаңалықтар

Comic Con Astana фестивалінде 100-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын көрсетеді

redaktor_qazyr

Астана алғаш рет әлемдік туристік киноның орталығына айналады

redaktor_qazyr

Алматы облысында жер қойнауын заңсыз пайданушыларды анықталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz