Qazyr.kz порталы
Руханият

Сәкен Жүнісов

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қорында Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.
Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. «Ақан сері» дилогиясы, «Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. «Ажар мен ажал», «Тұтқындар», «Қызым, саған айтам», «Жаралы гүлдер», «Қос анар» тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. «Өліара» пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Балаларға арналған «Сонарда» деп аталатын алғашқы кітапшасы 1959 жылы шықты. Бұдан соң, 1961 жылы жас жеткіншектер үшін «Әжем мен емші және дәрігер», 1962 жылы «Кімнің мекені жақсы?», 1983 жылы «Сақау бәтеңке» сияқты т.б. кітаптары жарық көрді.
Дереккөз: “Ана тілі” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қуаныш Қолхаев-Бақытты адам сол

Redaktor Site

Мағжан Жұмабаев — Жазды күні қалада

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz