Qazyr.kz порталы
Руханият

Қошке Кемеңгерұлы

Қошке Кемеңгерұлы (Кемеңгеров Қошмұхамбет Дүйсебайұлы) — Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. 1896 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы, Омбы уезі, Теке болысы, Қаржас ауылында дүниеге келген.

Алғаш Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан дәріс алған. Мұнан соң Омбы приход школында, ветеринарлық фельдшерлік школда оқиды. 1913 жылы Омбы ауыл шаруашылық училищесіне түседі. Осында жүріп қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бірлікке» (1914-1918) мүше болып кіреді. Оның үні – “Балапан” қолжазба журналына (1916-1918) редакторлық жасайды. 1917 жылы сәуірде Д.Әділұлы, С.Сейфоллаұлы, т.б. азаматтармен бірігіп, Ақмолада қазақ комитетін құруға атсалысады. Осы жылы Ақмола облысы халық санағын жүргізуге қатысады. 1917 жылы күз-қыс айларында осы облыста Алаш Орда комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. 1918 жылы «Бірлік» ұйымы «Жас азамат» ұйымы ретінде қайта құрылғанда, оның мүшесі және ұйым аттас газеттің редакторы болып сайланады. 1918 жылдың аяғында ауыл шаруашылығы училищесін бітіріп, 1919 жылы Ақмола облыстық (Омбы) халық ағарту бөлімінің саны аз ұлттар ісі жөніндегі бөлімшесіне нұсқаушы болып қызметке кіреді. 1919 жылы желтоқсанда Сібір ауыл шаруашылық және өндіріс институтының медицина бөліміне оқуға түседі. Облыстық «Бостандық туы» (Омбы – Қызылжар) газетіне тілші ретінде қатысып тұрады.

Дереккөз: Әдебиет порталы

Ұқсас жаңалықтар

Ұлы Қытай қорғаны

Redaktor Site

Қимақ қағанаты

Redaktor Site

Кедейліктің себепкері – той.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz