Qazyr.kz порталы
ҚоғамРуханият

Елу жыл бұрынғы есті сөз

Қос мүйізді Ескендір қазіргі Қазақ даласына шабуыл жасағанда Айса пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбар әлі тумаған екен.

Бұл кезде көшпелі өмір-салттағы бабаларымыз Дарий патшаның тұмсығын қанға бояп, Кирдің басын қанжығасына бөктеріп үлгеріпті. Шет жұрттың тарихи тұлғаларын былай қойғанда, өз жерімізде дәурен сүрген хандардың ханы Бумын қаған Мұхаммед пайғамбардан 19 жас үлкен екен.

Осы орайда қазіргі әлемдік дін деп жүргеніміз бар болғаны әлемдік оқиға немесе әлемдік тарихтың бір үзігі ретінде ғана ден қойдырады. Нағыз діни тарих тәңірілік дінге тән сияқты.

Себебі, тәңірілік дін, дәлірек айтсақ, тәңірілік дүниетаным өзінің космостық ауқымымен және адамданбаған болмысымен мойындатады.

Тәңірілік дүниетаным, түптеп келгенде, табиғаттану (яғни, табиғатпен біте қайнасып кету), табиғатпен тіл табысу болып шығады. Ал бұл дегеніңіз тіршілік атаулының тірегі, өмір сүрудің бірден-бір үлгісі дегенге саяды.

Ақселеу Сейдімбек (1942-2009)

Ұқсас жаңалықтар

Неолит дәуірі

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Демалыс күндері қай өңір ыстық болады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz