Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

«5:32» және «Sheker» сериалдарының авторлары Comic Con Astana фестивалі кезінде кастиң өткізеді

2024 жылдың 25-28 шілдесінде Қазақстанның астанасында III халықаралық Comic Con Astana фестивалі өтеді. Sәlem Entertainment медиа-компаниясы конвентке қатысады. Фестиваль кезінде «5:32» және «Sheker» сериалдарының авторлары болашақ жобаларына кастиң өткізіп, күтпеген хабарландырулар жасауға уәде берді.

Белгілі болғандай, Comic Con Astana фестивалінде Sәlem Entertainment медиа-компаниясы эксклюзив түрде Offside, «4 градус», «QARGA 2», «Тырна», «Няня 2», «Патруль 7» сияқты алдағы бірнеше жобаларын және «СӘКЕ», «Патруль» толықметражды фильмдерін ұсынады.
Sәlem Entertainment қазақстандық контентті дамытуда, өндіруде және ілгерілетуде бірегей, бұл оны толық циклді ойын-сауық компаниясы етеді. Sәlem-нің қоржынында «5:32», «Serjan Bratan», «Черный двор», «Sheker», «Зомбеты» және т.б. атышулы жобалар бар.
2024 жылдың басында ребрендиң болып, компанияның ресми атауы Salem Social Media-дан Sәlem Entertainment-ке өзгерді.
Айта кету керек, Sәlem сериалдары халықаралық деңгейдегі кинофестивальдар мен жүлделерге белсенді қатысып, жеңіп жүр. «Sheker» сериалы Asia Contents Awards (ACA) байқауында үздік веб-сериал атанды, бұл оны Қазақстаннан «Азиялық Канн» беделді сыйлығының иегері атанған алғашқы және әзірге жалғыз жеңімпазы етеді.
Comic Con Astana фестивалінде компанияның келушілер Sәlem жобаларының атмосферасына еніп, жарық көрген және алдағы сериалдары мен фильмдерімен таныса алатын жеке аймағы болады. Мерч сатып алу немесе оны интерактивте ұтып алу мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, фестиваль барысында Sәlem Entertainment павильон аумағында болашақ жобаларға кастиңге қатысуға бірегей мүмкіндік береді.
Sәlem командасы 28 шілдеде бас сахнада алдағы жобалардың презентациясын жасап, көрермендердің барлық сұрақтарына жауап береді.
Дәл осы күні дәрісханада Шәріп Серік («Sheker», «Пацанские истории», «QARGA»), Алмагүл Қазихан-Сағындық (5:32», «С любовью, Аферист»), Жанель Серғазина («Serjan Bratan», «Няня»), Қобыланды Болат («5:32», «Няня», «Завод») және т.б. компания актерлерімен арнайы кездесу және қолтаңба-сессиясы өтеді.
Еске сала кетейік, Comic Con Astana – комикстер, кинематография, видео ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль.
2024 жылы ауқымды іс-шараға тағы да халықаралық студиялар, продюсерлер, танымал блогерлер мен кәсіби косплей-әртістер қатысады.
Фестиваль бағдарламасында кездесулер мен қолтаңба-сессиялар, премьералар, арнайы көрсетілімдер мен презентациялар, косплей-шоулар, комикстер аллеясы, музыкалық әртістердің және би топтарының өнер көрсетуі болады. Әлемдік студиялар фестиваль алаңында өздерінің интерактив және ойын-сауық стендтерін ұсынады.
Фестиваль шоу бағдарламасының дәстүрлі элементі – жүлде қоры 12 000 000 теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы болмақ.
2024 жылы фестивал хедлайнерлерінің бірі «Ганнибал» сериалымен, сондай-ақ «Доктор Стренж», «Казино Рояль», Rogue One: A Star Wars Story, Indiana Jones and the Dial of Destiny фильмдерімен танымал дат актері Мадс Миккельсен болмақ.

Конвентке ресейлік актерлар Рузиль Минекаев («Слово пацана. Кровь на асфальте»), Антон Лапенко («Настоящий герой»), қазақстандық актерлар Әсел Сағатова, Санжар Мәди, Гүлнар Сильбаева, Дина Тасболатова, режиссер Айсұлтан Сейітов («Қаш») және т.б. қатысады.
Фестиваль күндері дәстүрлі түрде талантты суретшілер, кітап және комикс авторлары, иллюстраторлар және креатив индустрияның басқа да бірқатар өкілдері жұмыстарының көрмесі – Авторлар аллеясы өтеді. Аллея жұмысына барлығы 100-ден астам автор қатысады.
Фестиваль «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді. Билеттерді Comic Con Astana ресми сайтында, сондай-ақ ticketon.kz және sxodim.com қызметтерін пайдалана отырып сатып алуға болады.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың басы дауға қалды

redaktor_qazyr

Жамбыл облысында түлектер мінген көлік аударылды

redaktor_qazyr

Осы оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты