Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Өкшелі аяқ киімді дұрыс таңдап жүрсіз бе?

1. Өкшелі аяқ киімнің биіктігін дұрыс таңдаңыз.

Биіктігі дұрыс таңдалған аяқ киім, жүріс әдемілігінің кепілі. Тік өкшелі туфли киіп көрмеген болсаңыз, бастапқыда 5-7 сантиметрлігін алыңыз. Оларға үйренген соң тік өкшелісін де алуыңызға болады.

2. Өлшемін дұрыс таңдаңыз.

3 сантиметрден биік аяқ киім киген кезде аяқ алға жылжып, басбармаққа артық мөлшерде салмақ түсетіндіктен өлшемі үлкен аяқ киім алыңыз:

5-9 сантиметрлік тік өкшелі аяқ киім алған кезде жарты өлшемге үлкенірек алсаңыз аяғыңызға жайлы болады.

10-15 сантиметрлік алған кезде 1 өлшемге үлкенін алғаныңыз ыңғайлы болады.

16 және одан да биік тік өкше алған кезде 1,5 өлшемге алған дұрыс.

3. Бастысы жайлылық.

Туфли таңдаған кезде бастысы аяқ киімнің жүріске жайлылығы екенін ұмытпаңыз. Аяғыңызға қиындықпен сиятын аяқ киім таңдаудан аулақ болыңыз. Таңдаған жағдайда аяғыңыз ісіп, ертесінде ешқандай туфли кие алмай қаласыз.

4. Жүрмес бұрын сәл кідіріңіз.

Биік өкшелі аяқ киімді сатып алмас бұрын, алдымен бір орында тұрып көріңіз. Егер 10 минут шамасында аяғыңызға ыңғайлы екені дәлелденсе, таңдауды дұрыс жасадыңыз.

5. Қадам басуға дайындалыңыз.

Көшеге шықпас бұрын, жаңа алған аяқ киіммен үйдің айналасында 15-20 минут жүріп көріңіз. Әдемі жүріс пен қадамдарыңыздың ара- қашықтығын таңдаңыз. Биік өкшелі аяқ киім киген кезде қадамдарыңыздың арасы кішкене, ырғақты болғаны дұрыс.

Биік өкшелі аяқ киім денсаулыққа зиян екенін есіңізде сақтап, мүмкіндік пайда болысымен шешуге асығыңыз!

Ұқсас жаңалықтар

Жүрек сырқаттарын емдеу

Redaktor Site

Жемістердің пісіп-жетілуінің процессі қалай жүреді?

Redaktor Site

Дін саласындағы өзекті мәселені қозғап, байқауға қатысыңыз!

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz