Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Әтірді қалай дұрыс таңдап алу қажет?

Махаббатизация

Үйіңізде қанша иіссу бар? Барлығын пайдаланасыз ба? Әрине жоқ. Өйкені, әрбір бойжеткен жылына кем дегенде 2-3 әтірсуды туған күні мен мереке күндері жақындарынан сыйлыққа алады. Маркетологтар нәзік жандардың тек 15 пайызы ғана бір иіс суды тұрақты пайдаланады-дейді.

«Аромат таңдау, жігіт таңдағанмен тең дейді»,- профессор-парфюмер Роже Дов.

Дүкенге барғанда сатушы ұсынған әтірлердің әрбірін иіскеп басыңыз ауырып кететін жағдай жиі болатын шығар. Үстіңізге сепкен әтір иісін таңдаған сайын, одан да жағымды, жұпар иіс табуға тырысасыз. Алайда, өзіңізге лайықты суды тапсаңыз жақсы. Егер ешқайсысы ұнамаса, дүкеншінің үгіттегеніне қарамастан, үйге жол тартқан жөн.

Кез-келген судың 3 түрлі иіс беретінін білетін боларсыз. Алғашқысы 1-2 минутта, ортаңғы шендегі иісті 2-4 сағаттан кейін сезесіз. Кейін иіс біртіндеп әлсірей бастайды.

Парфюмер дүкеніне түстен кейін барыңыз. Бармастан бұрын дәл қандай иіссу керектігін анықтап алыңыз. Өйткені, ол жерден тек 2-3 қана әтірсуды таңдай аласыз. Түрлі иістерден басыңыз ауырып, шаршап қалмау үшін дүкеншіге қандай ароматты қалайтыныңызды алдын ала ескертіп қойыңыз.

Әтірсу адамның мінезімен үйлесу керек. Мәселен, салауатты өмір салтын ұстанып, роликте сырғанап, шаңғы тепкенді ұнатсаңыз немесе спорттық киім кигенді жақсы көрсеңіз онда өткір шөптің, теңіздің иісіне жақын әтір таңдағаныңыз дұрыс. Мәселен төмендегідей:

Lacoste — Touch Of Pink Woman
Ralph — Lauren blue
Lanvin — Oxygene
Mexx — Mexx For Woman
Sergio Tacchini — Stile Donna
Kenzo — L’eau Par Kenzo

Егер әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен жүретін еркеқыз болсаңыз сізге мыналар жағады.

Dolce & Gabbana — Light Blue
Roberto Verino — VV
Escada — Pacific Paradise
Carolina Herrera — 212 Sexy
Christian Lacroix — Tumulte Femme
Moschino — I Love Love

Арманшыл, сезімтал жандарға нәзік гүлзардың иісін беретін мынадай иіс сулар сәйкес келеді.

Nina Ricci — Nina New
Estee Lauder — Pleasures
Clinique Happy For Women
Davidoff — Echo Woman
Ghost — Cherish
Cacharel — Promesse
Escada — Escada

Ешқашан қар жаумайтын елде тұрғыңыз келсе, экзотикалық жемістерден жасалған коктейлді және өте сирек кездесетін гүлдерді жақсы көрсеңіз:

Yves Saint Laurent — Opium Fleur Imperiale
Estee Lauder — Pleasures Exotic
Christian Dior — Pure Poison
Estee Lauder — Beyond Paradise
Gucci — Eau De Parfum 2
Giorgio Armani — Emporio Night For Her

Өкшесі биік туфли мен ашық түсті помада қолданып, ер азаматтардың көзіне бірден түскенді қалайтындарға шығыстық ароматтар лайық:

Agent Provocateur — Agent Provocateur
Versace — Bright Crystal
Chanel — Allure Sensuelle
Prada — Prada
Hugo Boss — Boss Intense
Versace — Crystal Noir

Қызыл шарап түрлерін еркін ажыратындарға миндал, ваниль, шоколод әсерін беретін мынадай әтірсу қолдану керек деп кеңес
береміз:

Hugo Boss — Hugo Pure Purple
J. Del Pozo — Pozo In Black
Bvlgari — Omnia
Lolita Lempicka Summer

Қытайдың танымал «фэн-шуй» иіс суынан хабардар шығарсыз. Әрбір қалбырдағы түрлі гүлдердің тұнбаларының жеке сипаты бар.

Көк түстес фен-шуй өзен-көлдер сынды қанық. Бұлар карьера мен қаржы мәселесін шешер кезде интуицияңызға тікелей әсер етеді.

Davidoff — Cool Water Woman
Bvlgari — Blv
Givenchy — Into The Blue
Mexx — Pure Life

Жасыл түс-бұл бойыңызға ерекше үйлесім мен табиғи қуат береді. Жасыл түстен жасалған қалбырдағы парфюм жағымды көңіл күй мен ерекше серпін сыйлайды.

Isabella Rossellini — Manifesto
Elizabeth Arden — Green Tea
Hermes — Un Jardin sur le Nil

Алтын сынды сары түс-қымбат металдарға ұқсас. Бұндай ароматтарды күш-жігерді бағындырып, күшті әрі ақылды қадам жасайтын кезде қолдану керек.

Lancome — Attraction
Elizabeth Arden — 5Th Avenue after five
Louis Feraud — Feraud Paris
Givenchy — Organza
Yves Saint Laurent — Cinema

Қызыл түс-от тектес. Ол ынта мен құмартудан хабар беріп тұрады. Осындай парфюмерді қолданғанда әрдайым өзіңізді әр кештің ханшайымындай сезінесіз.

Cacharel — Amor Amor
Hugo Boss — Deep Red
Giorgio Armani — Emporio Night For Her
Azzaro — Visit For Women
Қызғылт- әйелге тән сезім мен жарасымды әсер беріп тұрады. Бұны арнайы кездесуге барарда немесе сізге қымбат адамдар үшін пайдаланған абзал.

Lacoste — Touch Of Pink Woman
Cacharel — Noa Fleur
Christian Dior — Diorissimo
Escada — Magnetic Beat
Gucci — Envy Me

Ақ түс пәктікті білдіреді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында таптырмас ой береді.

Angel Schlesser — Femme
Hugo Boss — Boss Woman
Chanel — Coco Mademoiselle
Dupont — Essence Pure Femme

Қара түсті парфюмерді әлдебір шешім қабылдар алдында сеуіп алыңыз. Шашырап жүрген ойларыңызды бір арнаға тоғыстырады.

Gucci Eau De Parfum
Chanel — Chanel Coco
Dupont — Pour Femme
J. Del Pozo — Black
Versace — Crystal Noir

Енді әлемге танымал француз қыздарының иісcуға қатысты кеңестеріне құлақ асайық.

«Сән қууға әуестенбеңіз. Мен өмірімді өзгертетін кезде ғана иіссуды ауыстырамын. Әр 5-10 жылда»-дейді Инес де ла Фрессанж. (Ол 1994 жылы Франция – Марианнада сәнгерлердің белсендісі болған.)
Әйгілі әртіс Одри Тоту: «Аромат-өзің туралы сыр шертетін иіс. Ол көңіл- күйді әр күн сайын ғана емес, сағат сайын ауыстырып отырады. Егер бір күнгі көңіліңіздің әсерлі болғанын қаласаңыз өкшесі биік әдемі туфли киіп, помаданың түрін өзгертіңіз. Бүгінгі әлемге қатты танымал ароматтардың түрі-шоколод пен ваниль де айтар едім»,-деп кеңес береді.

«Нағыз әтірсуда ешқандай логика болмау керек, ол тек қана рух беруі тиіс. Аромат-бұл жыныстық құмарлық емес, бұл жағымды көңіл-күй. Жарнамаларға құлақ асқан сайын, түрлі әтірлер туралы ақпарат аламын. Алайда, олардың барлығы маған жақсы әсер бермейді. Ең бастысы өзіңе ұнаған иіссу әйел бойына сенімділік беріп, оны нәзік етіп көрсетеді деп білемін»,-дейді Инес де ла Фрессанж.

Ұқсас жаңалықтар

ҰБТ: Қазақстан тарихы пәнінен 40 сұрақ жауабымен

redaktor_qazyr

Сағыныш

redaktor_qazyr

Шымкентке алғашқы қар қашан жауатыны белгілі болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz