Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Таусылмас арман

Бекердей бәрі,
Өзіңсіз менің күлгенім,
Қасқайып қарап,
Сыр бермей менің жүргенім.
Досымнан гөрі,
Дұшпаным басым тұрғанда,
Күндеушім көп қой,
Менің де сезіп білгенім.

Біреулер маған,
Асқақтап биік қараған, Оларды менде,
Досым деп ешбір санаман.
Басыңнан аяқ,
Тұрып ап бәрі сынаған,
Сезбейді бірақ,
Жаныңды солар жылаған.

Өмірдің заңы,
Сұрақтан сансыз құралған,
Адамда мәңгі,
Таусылмас сірә, бұл арман.
Жеттім-ау десең,
Көксеген шоқы төріне,
Жауқазын болып,
Қылтияр тағы бір арман.

Сәуле Шәмшіғали.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қарт ананың төрт ауыз сөзі

redaktor_qazyr

Міржақып Дулатұлының сөзі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz