18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жетісу обл: Әскерге өз еркімен кеткен сарбаз табытпен оралды

Жетісу облысы Сарыөзек гарнизонының №29/108 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз үйіне табытпен оралды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Сарбаз 13 мамырда Алматы қаласындағы әскери ауруханада жан тапсырды.Дәрігерлер оған бүйрек жетіспеушілігі және қан аздығы,асқазан жарасы деген диагноз қойған.Ал сарбаздың ата-анасы ұлының қазасы, әскердегі ұрып-соғудың кесірі дейді.
«Ұлыма кішкентай кезінен бері жүрегі ауырады деген сылтауды айтып жатыр.Оның жүрегі ауыратын болса,мен оны әскерге жібермес едім ғой.
Оның ешқандай сылтың-қылтың әрекеті жоқ,өзі спортпен шұғылданатын,атқа мініп тұратын бала еді»,-дейді анасы.

«Бір күнде ауырып қалдым.Күнде ұрады.Басымнан,арқамнан,бүйрегімнен күнде ұрады.»,-дейді бейнеқоңырау арқылы достарымен сөйлескен сарбаз.

Анасы ұлымен соңы рет 12 мамыр күні бейнеқоңырау арқылы сөйлескен.Бейнеқоңырауда анасы ұлының әлсіреп,мазасы қашқанын сезген.Ертесіне хабарласқанында дәрігерлер сарбаздың таңертең жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Бектенов пен Мишустин Астанада экомикалық ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамыту жөнінде келіссөз жүргізді

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау- демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе

redaktor_qazyr

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау туралы заң жобасы әзірленді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz