Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Өлең: Білемін ана

Білем ана,
Жігеріңізді қарыз күйретті.
Кредит деп,
Күліп жүрер күй кетті.
Біздің қоғам тоқшылықты көп көріп,
Жоқшылықта күн кешуді үйретті.

Білем ана,
Қалтамызда ақша жоқ.
Ақша жоқта,
Уайым толды басқа көп.
Той жыйынға бара алмай ертеңгі,
Қара басты мың соғамыз тасқа көп.

Білем ана,
Мына қоғам емделмейтін қотыр шын.
Сол қоғамда жамау тігіп отырсың.
Сыртқы көзге ештеңеде білдірмес,
Ұлың үшін әрдайымда батырсың.

Білем ана,
Күресумен өтер жолдарың.
Күрсініп іштей,білдірмей қанша тоңдадың.
Жігеріңді әрдайымда бересің,
Әкемнің ұстап, тілім тілім қолдарын.

Ештеңе етпес ана,
Көрінер күнде нұр шашып.
Құйылар бақыт, кесемізге бір қасық.
Осы күннен өттік қой деп бір күні,
Әкемізбен отырасыз әлі сырласып.

Мекендеп жүрсекте жаңбыр астын.
Көңіліңізге бір уайым салдырмаспын.
Елім үшін туғансыз мына мені,
Ендеше сізді,
Елден төмен қалдырмаспын.

Авторы:Саулет Туретаев

Ұқсас жаңалықтар

Мехнат Теміртасқызы — Жібек жүрек

Redaktor Site

Ағайын, туыс туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Софы Сматаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz