Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Өлең: Кездесерміз мүмкін әлі

Кездесерміз мүмкін әлі…

Сағынып кеп өзіңмен жолықтымда,
Кеудем менің кетті ғой толып нұрға.
Қос жүректің үлпілі сезімде ғой,
Ай жарқырап тұрғанда қонып шыңға!

Сол кезде бар әлемге сия алмадым,
Түнімде сүйгеніме жыр арнадым.
Кездесудің сағаты әлі алда,
Уақыттың сағатынан шыға алмадым!

Түсінерсің сезімнің ай сырғасын,
Мен тоқтасам,өзің айт түн жырласын.
Сынағыннан өттік біз махаббатың,
Ақ тілегім өзіңнен айырмасын.

Атсын үміт әрдәйім таң күліп те,
Шілде түні ақ жаңбыр сіркірепте.
Бұл жүрек арамызда жүр күдік?
Енді жаным жүрмейміз мәңгілікте!

Кенет тоқтап жүрегім ынтығады,
Ай жоғалып бұлт басып тұншығады.
Сезім жүрек не болды деп, жыламсырап,
Өзіңнен болмағасын бір хабары?!

Жүрегім аймалаған қызғалдақты,
Гүлімде ала тауда ол ардақты.
Маза бермей жүрекке асау сезім,
Бар асыл сөздерін сүйгеніне ол арнапты!

Шілде түні ақ жауын дүлейім бе?
ақ нөсердей көктемдей төгейін бе?
Жүрегімен сырласып сезіменен,
Ғашық болып қайтадан көрейін бе?!

Сәйгүлік уақыт арман боп,
Сағыныш сені көрмесем.
Жазылса өлең жалған боп,
Жүрегіме сен бе сен!

Өлеңім бірақ жасыма,
Сәйгүлік уақыт қасымда.
Үмітім тұрса алдымда,
болмысын ешкім шектемек.

Түнімде ойға беріліп,
Сағыну керек қалайда.
Өзіңнен маған қол үзіп,
Күн кешу түспес оңайға.

Өмірдің бар шағында,
Сырымызды шертелік.
Үндемей бұлдыр сағымға,
шын сүю керек өртеніп.

Шығыстан атқан нұр таңсың,
Гүл бақтарда,
…махаббат әні шырқалсын.
Өлеңім саған арналған,
Естелік болсын нұрлансын!

Сәйгүлік ғұмыр уақытта,
Үмітім тұрсын шат күліп.
Адалдық сезім қос жүрек,
бақыттың арманы емеспе!

Өлеңмен дұшпан күйінсін,
Сезімім биік ғаламда
Сүйгенім өзі түссінсін,
Өлеңім жүрек арманда!

Сүйгенім, жаным, налыма,
Кездесер уақыт сәйгүлік.
Бақытқа барар үміт ғой,
Кездесер күнді күтелік!

Қалмағанбет Бауыржан.

Ұқсас жаңалықтар

Жусан қатерлі ісікті 16 сағатта жоқ қылады

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz