Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Таусылмайтын арман бар

Таусылмайтын арман бар

…Бар санамды оймен жаулап алғандар!…
Жүрегімде таусылмайтын арман бар.
Бірде олай, бірде бұлай өзгерсем,
Мінезіме таң-тамаша болмаңдар.

Жақсылықтан өзгеремін жайылып,
Жан-жарасы емделгендей , айығып.
Жамандықтан жаным жылап баладай,
Жасып қалам, өз-өзімнен қамығып.

Сұлулықтан нәр аламын сүйемін,
Өмір кілті тек Махаббат білемін.
Жаны сұлу, тәні сұлу арудай,
Мөлдір таза болсын менің жүрегім.

Табиғаттай құбылады мінезім,
Билегенде жүрегімді бір сезім.
… Киялыммен шарлап кетем әлемді…
Шабыт билеп арпалысқан , бұл – кезім.

Кейде көңіл жайылады даладай,
Дос па, дұшпан?… Кім болсада қарамай.
Шын жүрекпен күле алатын күнәсіз,
Менің жаным-сәби жаны- баладай.

Сәуле Шәмшіғали. 17.04.22.

Ұқсас жаңалықтар

Адам туралы қызықты дерек

Redaktor Site

Сәтті босану жолдары,жүкті әйелдерге арналған кеңес

redaktor_qazyr

«Миллиондар кімге бұйырады»: Алматыда әлемнің мықты теннисшілері қомақты жүлде қорын таласқа салады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz