Париж 2024 олимпиадасының жеңімпазы дзюдошы Елдос Сметовқа кәсіпкер 100 бас жылқы бермек.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.
Франция қаласының астанасы Парижде 26 шілдеде өткен Париж Олимпиадасында 60 келі салмақта додаға түскен Сметов қарсыласын шыдатпай, чемпион атанды. Бұл жеңіс бүкіл қазақ жұртын қуантты.Бүгінде көк туын желбіретіп жеңімпаз атанған дзюдошы Елдос Сметовті ұлықтауға асыққан адамның санын айтып жеткізу мүмкін емес.
Солардың бірі — Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылының тумасы Ануар Маханов. Маханов көптеген қазақ жанкүйері MES. сияқты Елдостың жеңісіне ерекше қуанып, чемпионға 100 бас жылқы сыйлайтынын айтты. Ол Париждегі қазақ батырымен тікелей сөйлесіп, сыйлығын дайындап қойғанын жеткізіді.
Айта кетейік Елдос Бақтыбайұлы Сметов 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл қаласында дүниеге келген.Дулат тайпасының Ботпай руының бесторсық тармағынан шыққан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетін бітірген .
Әкесі Бақтыбай Сметов – кәсіпкер, анасы Тоқтагүл Сметова – үй шаруасындағы әйел. Ағасы Жандос та дзюдомен кәсіби түрде айналысады.
2011 жылдан бастап «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінде қызмет етіп келеді.2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері , Тойоғымдағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері . , 2015 жылғы әлем чемпионы , 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері , 2010 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы , 2016 жылғы Азия чемпионы , 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы . 2021 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 5-ші орынға ие болды.