Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Өлең: Көмкерілген

Көмкерілген

Күресінде сұм өмір таласының,
Жылтырайды үмітпен қарашығым.
Денің сауда күлімдеп жүргеніңмен,
Фәни менен бақидың арасы мұң.

Арпалысып тағдырдың сынағымен,
Күрсіне алмай кеуде де тынады дем.
Тайталасып тізгінді жіберместен,
Сүрінемін,тұрамын,жылап-күлем…

Әне-міне жетердей арманыма,
Алдаусырап сүйрейді жалған мына.
Жақындасам шыңдарға жеткізбейтін,
Сай келмейді сұңғыла талғамыма.

Ұқпаса да шерімді өң керілген,
Мұңға төзем күлкімен көмкерілген.
Бір керуен алдымнан күтері анық,
Жібектей бақ пен бақыт өңгерілген.

Күресінде сұм өмір таласының,
Жылтырайды үмітпен қарашығым.
Денің сауда күлімдеп жүргеніңмен,
Фәни менен бақидың арасы мұң.

Автор: Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Күнге күю мен күн тиюден қалай аулақ болуға болады?

redaktor_qazyr

Күн сайын өміріңізді әлсін-әлсін жақсартып отырсаңыз

redaktor_qazyr

Ғұмар Қараш-Неден қорқам

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz