Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бір сөзден тұратын өсиет

Шебер шешім ,көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас — жораларын ертіп,өзінің даналық тапқырлық сөзімен мәлім Әнет бабаға салем беріп,кәрі құлақты қариядан тәлім -тәрбие,үлгі -өнеге,тағылым алады екен.
Бірде сол әдетімен Әнет бабаның үйіне келіп түседі.
Қарт бұрынғыдан әжептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді.
Қазыбектің жора -жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып,мал сойғызып қазан көтертеді.
Сол ауыл маңындағы қариялар,жайсаңдар жиналып әңгіме -дүкен құрады.

Ертеңіне Қазыбек жол жүруге қам жасап,сапар алдында Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті. Бірақ Әнет баба : «Қазыбекжан -ай ,жасы келіп, қартайған,қасынан жар тайған ,басынан мал тайған адамнан не кеңес,не өсиет сұрайсың?»,-деп ештеңе айтқысы келмейді.
Бірақ бірбеткей Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз өсиетін тыңдамай еш жаққа кетпейтінін білдіреді.
Сонда Әнет баба Қазыбектің бұл қылығына күле қарап :»Болмадың ғой,айтайын» ,-деп сәл ойланып,
— «Әкім» деген сөзді жадыңда сақта «депті.
Қазыбек шешен Әнет бабаға алғысын білдіріп,жора-жолдастарын қасына ертіп,еліне қайтады.Ол жол-жөнекей өзімен еріп келе жатқан нөкерлерінен:»Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар ма?»-дейді.
Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді.Сонда қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай шешіпті :
— «Ә»дегені — әділ бол,
— «К» дегені — күншіл болма,көпшіл бол,
— «І» дегені — ілтипатты бол,
— «М» дегені — менмен болма,мейірбан бол,- дегені.
Сонда Қазыбектің жолдастары Әнет баба мен Қазыбек бидің жан-дүниелерінің тереңдіктеріне ,бірін-бірі түсінген үндестіктеріне сүйсініп,таңқалысыпты.
Сөйтіп Әнет бабаның бір сөзден тұратын өсиеті ел арасында кең тарап,ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жетіпті.

Ұқсас жаңалықтар

Тіске қалай күтім жасау керек?

redaktor_qazyr

Жігіттерге өсиет

Redaktor Site

Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz