Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Орбұлақ шайқасы

Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті.

XVII ғ. 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. 1640 ж. қазақ жерін жорық нысанасы ретінде таңдаған құрылтай шақырды. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы, бұрын қалмақ тұтқынында болған Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1643 ж. Батыр Қоңтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ-қырғыз далаларына қарай қозғалды.[1]Самарқаннан көмек келіп жеткенше оларды қарсы алуға бекінген Жәңгір хан 600 адам жинап, алдынан шықты. Жәңгір әскерінің аз болуы екі жағдаймен қарастырылады. Бірінші себебін М.Тынышпаев: «Жәңгір өкіметі әлі күшейген жоқ» – деп түсіндіреді. Немесе Орбұлақ шайқасы кезінде Жәңгір әлі хан болып жарияланбаған да болар. ХVІІ ғасырдың алғашқы 30-жылында жоңғарлар қазақ көшіне таяды. Абыржу да болды. Жәңгір аздаған күшпен тәуекелге бел байлады. Хан сайлауының созылып кетуі осы шешімге итермеледі. Бірақ бұл ойланған шешім еді. Дегенмен де Жәңгір әскерінің аздығын әлдеқайда қысқаша түсіндіруге болады. Дәлелі бар түсінік беруге де болады. Таудың арасындағы ұрысқа, тұтқиылдан тосып алуға аздаған ғана жауынгер қатынасқаны дұрыс. Таудағы бар жауынгерді И.Фишердің айтуынша, «…Жәңгір оларды қалай пайдалану керектігін білді». Артық адам ойлаған мақсаттың іске асуына тек қана бөгет жасайды.

Таудың ішінде Жәңгір жағдайды зерттеп, жартылай таныс жерлерде алдағы қимылдың жоспарын жасады. Артта Алтынемел шыңы бар. Қоянды тау шыңының бауырының шығыс жағында Күренкей тау, Аламантау, Куянатытау, Сарытау, Боңқан таулары созылып жатыр. Көкжеті тауының арғы жағы жоңғарлар. Бұл жер тактикалық жағынан қызықтырады: ұзындығы 200 метрдей екі биік таудың сілеміндегі тар сай, биіктігі 2000-2500 метр теңіз биіктігімен өлшегенде. Батыстан Қоянды тауының шыңдарында Күренкейдің шығуға қиын шыңдары, Оңтүстік батысында Кача-таудың жоталарында терең сай бар. Ол жерге көп салттыларды орналастыруға болады. Ал оның сол жағындағы жерден қазылған бекіністің тастармен қаланған жерінде қазақтың ерікті жасақшылары орналасқан. Әскерлердің бұл бөлігінің басшылығына Жиембет және Жақсығұл батырларды қойған. Олардың желке жағында төмен түсуге болатын жер және бірнеше жүз ат орналасуға болатын сай бар. Одан таудың етегімен келе жатқан жоңғарларға шұңқырда отырған қазақ жауынгерлері де, олардың аттары да көрінбейді. Мұның барлығын осы жерлерді көзбен бір шолып өткенде байқауға болады.

Осы жардың астында қазақтардың жоңғарлармен шайқастары басталған. Жоңғарлармен шайқаста Жәңгір тапқырлық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады. А.И.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қонтайшыға қатты соққы берді», – деп сипаттайды. Жоңғарлардың отрядтары ойлы-қырлы жерлермен кезеңге шығып, оқты қарулармен қаруланған қазақтармен соғысуға мәжбүр болды. Жоңғарлардың қару-жарақтары туралы Ю.Крижанович: «Қалмақтар соғысқа өте мықты қаруланып шығады. Дулығамен, найзамен және сауытпен. Олардың садақтары мен қылыштары біздердікінен қысқа және ұшы қайырылмаған. Оны римдіктердің «siccae» атты қаруларымен салыстыруға болады. Өздері оны лақтыратын найза деп атайды. Дегенмен де соғыса келе, олар өте жақсы ойланған қақпанға түскендерін, кезеңге шабуыл жасаудың оларға жеңіс әкелмейтінін түсінді. Бірақ әскерді тоқтату мүмкіндігі тіпті болмады. Артта келе жатқан әскерлер олардың тығыздығын көбейте бастады. Ол жоңғарлардың жауынгерлік ұрандарын, көпшілігінің тез алға ұмтылуын әлсіретті. Ақырында мағынасы жоқ шабуылды тоқтатудың сәті түсті. Барлық әскерлерге қоманда жетіп, олар төменгі жерге түсіп, қазақтың жауынгерлерін өзеннің маңайында айналып өтуге шешім қабылдады. Жоңғарлар төменге бет алды. Айнабұлақ өзенінің ағысының ойылған жерінде өткел бар, оны альпинистер «цирк» деп атайды. Қазақтың атқыштары оларды сол жерге қуып тықты. Осы арада жоғарыдан асылып тұрған тастар төмен құлай бастады. Ол атқа немесе әскеріне тиіп, қырыла бастады» – дейді. Аман-есен шыққандары қазақ жауынгерлерінің оғынан қаза тапты. Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді, ол – жоңғарлар жағдайды түсініп, кезеңге шығу үмітінен бас тартулары тиіс. Қазақ әскерлерінің бір бөлігіне таулардың арасындағы қалмақтар бекіністен тар өткелмен өткенде қоршап алу бұйырса, екіншісіне тауда жасырыну бұйырды. Ол қалай ойласа, солай болды. Қоңтайшы бекініске шабуыл жасады. Содан ерлікпен қорғана бастады. Осы кезде Жәңгір сұлтан жауға сырт жағынан шабуылдады. Винтовкасымен соққы берді. Жаулар жағынан 10000-ға дейін адам қырылды» – деп сипаттайды. Жоңғарлар тағдырмен ойнамай, кейін шегінді. Таудағы шайқас Жәңгірге қанат бітірді. Оқиға аяқ астынан ойламаған шешім қабылдатты. Енді жоңғарлар шайқасқа ашық жерлерді іздей бастады. Ондай жер Орбұлақтың шет жағынан табылды. Соныменен, жоңғарлармен шайқастың тағы бір жері анықталды. Жәңгір үшін басқа жауапты мәселе шешілді: көмек келді. Жедел жүріспен Алшын руынан батыр Жалаңтас Самарқаннан Жетісуға дейін жасақшыларды жинай отырып, Қоянтау шыңының іргесінде 20 мыңдай әскерді алып келді, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінеді. Шындығында, екінші шайқаста Батыр қоңтайшы ауыр жағдайдан жеңіл құтылды. Тіпті өзімен бірге 10 мыңдай тұтқынды алып кетті. Ол жасақшыларды емес, жолдағы бейбіт ауылдарды шауып, адамдарды тұтқындаған.

Ұқсас жаңалықтар

Егіншілік туралы мақал-мәтел

Redaktor Site

Ең үздік комедиялар

Redaktor Site

Небәрі 29 жасында Ленинмен 4 сағат қарсыласып, Қазақ елінің шекарасын шегендеген Әлімхан Ермеков

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz