Qazyr.kz порталы
ӘмбебапПайдалы кеңестер

Зейін қою қабілетін қалай қалпына келтіруге болады?

Зейін қою қабілетін қалай қалпына келтіруге болады?

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінің, «Telegram» мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың зейін қоя білуге қатысты маңызды ой-пікірі:

«Способность к многочасовой концентрации на одном занятии — навык, который в нашу мобильно-онлайновую эпоху встречается все реже. Но именно этот навык необходим для интеллектуального, творческого или духовного прорыва. Будущее за теми, кто выработает иммунитет к технологическим ловушкам внимания и сохранит способность к длительной концентрации.»

Павелдың пікірін негізгі ой ретінде ала отырып, зейін қою дағдысын жоғалтқан жағдайда қалпына келтіру жайлы жазып жалғастырайын.

Бір істі зейін қойып істейін десең, назарың әлеуметтік желіге, ойынға, өзге қызықты іске ауып кететінін, соңында маңызды іс аяқсыз қалып қоятынын байқап жүрсің бе? «Не істесем екен» деп алаңдап жүрсің бе? Алаңдама. Мына екі қарапайым әдісті қолданып көр:

1. Қысқа әңгімелер бар кітапты ал. Ертегілер, аңыздар да бола береді. Ең бастысы — қысқа болсын. Әрі қарай не істейсің? Күніне бір қысқа әңгімені (ертегі, аңыз) аласың да, ештеңеге қарамай, зейін қойып оқисың. Кедергі болмас үшін алдын ала ұялы телефон, компьютер, ноутбук, телевизорды өшіріп қоясың. Дәл солай. Қанша қызық емес болса да, өзіңді жеңіп, соңына дейін оқисын. Ойыңда бірдеңе қалды ма? Қалса — жақсы. Қалмаса — қайтадан отырып зейін қоя оқы. Қалса да, қалмаса да, бірнеше мәрте оқы. «Оқы» дегенде жайдан-жай көз жүгіртіп шық дегенім емес, әңгіменің әрбір сөйлеміне назар аударып, мұқият оқисың. Көз алдыңа әңгімені оқу барысында өрбитін оқиғаны елестетесің. Оқып болғаннан кейін талдайсың. Әңгімеге баға бересің.

Әдістің мәні неде? Қағаздағы мәтінді оқуға бой үйрету. Көп уақыт бір іске зейін қоюға үйрену. Кейіпкерлерді, оқиғаларды көз алдыға елестетуді үйрену. Әңгімені талдап, баға беруге үйрену. Міне, осындай әдіс. Бір-екі ай күнде мен айтқандай істесең, үлкен шығармаларға ауыса беруге болады. Үлкен шығармаларды оқып бой үйреткеннен кейін жоғары оқу орнында ғылыми, техникалық, медициналық оқулықтарды зейін қойып оқуда мәселе туындамайтын болады.

2. Логикалық есептерді шешу. «Математиканы түсінбеймін», «Логикаға қауқарлы емеспін» дегенді қойып, шешіп бастайсың. Логикалық есептерді шешу үшін арнайы математикалық білімнің қажеті жоқ. Математикалық сауаттылықтың есептері секілді. Есепті шешу алгоритмін біреуден сұрап, жаттап алмай, басыңды қозғалт, елестет, салыстыр, ойлан. Тағы да ескерте кетейін: кедергі болмас үшін алдын ала ұялы телефон, компьютер, ноутбук, телевизорды өшіріп қоясың.

Жоғарыда зейін қою қабілетінің қалпына келтіруге көмектесетін қарапайым әдістермен бөлісіп өттім. Ерінбей күнде зейініңді жаттықтыратын болсаң, соңында нәтижесі көңіл қуантарлық болатынына күмәнім жоқ.

Жазбаға назар аударып, соңына дейін оқығаныңа рақмет!

Пайдалы болса, лайк басып, комментарий жазып, қолдау көрсет!

Ұқсас жаңалықтар

Тұсау кесерге арналған тілек

Redaktor Site

Актер Мадс Миккельсен қазақстандықтарға видео-үндеу жазды

redaktor_qazyr

Романтикалық махаббаттың ерекшелігі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz