Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамПайдалы кеңестерРуханият

Студентке кеңес

Бірінші курс студенттеріне университетте оқуға қатысты кеңестер:

✅ Ең алдымен, дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды қалдырмай қатысу керек. Түсінікті екені белгілі, бірақ университетте студенттердің сабаққа қатысуын әрқашан қадағалай қоймайтындықтан, дәрістерді қалдыру жайлы ойлануың мүмкін. Бұныңмен оқу үдерісінен қалып қана қоймайсың. Қаншалықты дәрістерді көп қалдырсаң, соншалықты көп қалдыра бергің келеді.

✅ Оқу бағдарламасындағы пәндердің неліктен қажет екенін анықта. Пәннен алғашқы дәріске қатысу — не үшін қажет екенін сұрауға жақсы себеп, сонымен қатар, көптеген пәндерде бірінші лекция кіріспе болып табылады. Кейде оқытылып жатырған пәннің қажет емес екенін сезінуің мүмкін, өйткені қазір сен одан пайда көріп отырған жоқсың, ал мұғалім пәннің қажеттілігін студенттерге түсіндіріп өткен жоқ. Мұндай жағдайда мұғалімнен сұра. Өйткені, қағида бойынша, бірінші курста саған пайдасыз секілді көрінген пәндер үшінші курста қажет болып қалуы мүмкін, бірақ сен мүлде дайын емессің.

Кіріспе дәрісте пайдалы әдебиеттер тізімін беруі мүмкін — жазып ал. Берілмеген жағдайда ғаламтордан қарап, тауып ал. Бірнеше оқулықты табасың. Әрқайсысын мұқият қарап, парақтап шығуға ерінбе. Өйткені бұл қай автордың түсіндіруі өзіңе жақын екенін анықтауға мүмкіндік береді. Кейде бір тақырыптар бір оқулықтарда жақсы түсіндірілсе, басқа тақырыптар басқа оқулықтарда жақсы түсіндірілуі мүмкін. Есте ұста!

✅ Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда конспект жүргіз. Тіпті дәріс қызық емес болса да, конспект жүргізу маңызды. Конспектті түрлі-түсті қаламдармен және маркерлермен жүргізген пайдалы, сонымен қатар, дәрісте белгілі бір ұғым түсініксіз болған жағдайда, кейін қайтадан сұрау үшін ескертпе қалдырып отырған жөн. Егер дәріске қатыспаған жағдайда, конспектті cауатты жазатын адамнан дәрістің конспектісін сұрап, қолмен қайта көшірген абзал.

✅ Егер дәрістен кейін сұрақтар болса, мысалы, тақырыптың қандай да бір бөлігі түсініксіз болса, лектордың жанына барып, сұрап көрген жөн. Бәлкім, барлық оқытушылар бұған мәз болмас. Бірақ көпшілігі сұрақтарың жауап беріп, тіпті түсінбесең, сен үшін түсінікті тілде айтып беруге қуанышты. Жауап бергісі келмесе, ең болмағанда, қандай ақпарат көзінен оқуға болатынын айтады. Сонымен қатар, лекторға дәрістен кейін сұрақ қою арқылы «бір оқпен екі қоянды атуға болады»: біріншіден, сұрағыңның жауабын аласың, екіншіден, лектор сені ыждағатты студент ретінде есінде сақтап қалады. Кейін емтихан тапсыратын кезде сенің ыждағатты студент екеніңді еске түсіріп, емтиханнан босатып, «автомат» қоюы мүмкін.

✅ Үй жұмысы берілсе, уақытылы орындау қажет. Үй жұмысы — көбісі ойлайтындай студенттің уақытын тартып алудың жолы ғана емес, сонымен қатар, оқудың ажырамас бөлігі — сен дәрісте өткен тақырыпты қайталайсың және жүзеге асырасың. Жиі болып тұрады: оқытушы түсіндіргенде барлығы түсінікті секілді, ал өзің қайталап оқиын десең — мүлде түсініксіз. Үй жұмысы — тақырыпты тереңінен түсініп, жүзеге асырудың жақсы әдісі.

Қазақстандық жоғары білім студенттің өз бетімен дайындалуына және оқуына көп уақыт береді. Түсініктірек айтқанда, жоғары оқу орны білімнің 5-10 пайызын береді, ал 90-95 пайызына өзің қол жеткізу керексің. Сондықтан факт ретінде қабылдап, бейімделу қажет.

✅ Кешкі уақытта дәрістен кейін (немесе үйге келгеннен кейін) конспектілерге бірнеше мәрте көз жүгіртіп шық. Бұны еріккеннен істемейсің. Ұмыту қисығымен тығыз байланысты. Ұмыту қисығының салдарына сәйкес, ақпаратты белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін бірнеше мәрте қайталап отыру қажет. Сен ширек сағатыңды, жарты сағатыңды жұмсайсың, бірақ емтиханға дайындықта қаншама жүйке жасушаңды сақтап қаласың (жұмыс істегенде керек болып қалуы мүмкін).

✅ Сессияға алдын-ала дайындал. Cтуденттік ортада семестр бойы мүлде оқымай, сессияға бір түн қалғанда семестрдің материалын жаттайтын «қалыпты студент» идеясы кеңінен тараған. Мұндай «қалыпты студент» болмауға тырыс, өйткені емтиханнан шыққаннан кейін «қалыпты студент» барлығын ұмытуы мүмкін.

Егер семестр бойы сабақты қалдырмай, жақсы оқысаң, сессия саған мәселе болмайды. Кейбір мұғалімдер семестр бойы ыждаһатпен оқыған, сабаққа көңіл бөлген студенттерді емтиханнан босатады. Мұны да ескере жүр.

✅ Үшінші курстан бастап қандай да бір практика, мамандығыңмен байланысты қосымша жұмыс табуға тырыс. Бұл көптеген оқуды бітірген студенттердің «тәжірибесіз алмайды», «тәжірибені қайдан аламын?» деген секілді мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді. Мәселенің шешімі — мамандығың бойынша белгілі бір компанияда тегін жұмыс істе. Тегін жұмыс істеу арқылы сол тәжірибеге қол жеткізесің, сонымен қатар, мамандықты дұрыс таңдағаныңды тексересің.

Тегін жұмыс істейсің, өйткені бастапқы уақытта сеннен келіп-кетер пайда болмайды. Сені үйрету қажет, дисциплинаға келтіру керек, оған қоса артыңнан қайта тексеріп, түзетіп отыру қажет. Сондықтан да сенің еңбегіңнен түсетін табысты компания сенің үйренуіңе септесетін жұмыскерлерге бөліп береді.

Бәлкім, жазда немесе сабақтан кейін топтастарың демалып, көңіл көтеріп жүргенде жұмыс істеген оңай болмас. Ұнжырғаңды түсірме — оқуды аяқтағаннан кейін күш-қуатың мен уақытыңды дұрыс жұмсағаныңды түсінесің.

✅ Тобыңда бірге оқитын студенттер жайлы. Топпен 4-5 жыл уақытыңды бірге өткізесің, сол уақыт аралығында сенің ортаң болады, тиісінше саған әсер етеді. Жоғары оқу орнындағы таныстарың оқу уақытында немесе оқуды аяқтағаннан кейін көмектесуі мүмкін (бір жағынан, АҚШ-тағы «Лига плюща» кіретін жоғары оқу орындарының артықшылығы осында — онда сенің топтастарыңның арасында көптеген келешек саясаткерлер, кәсіпкерлер мен білікті мамандар болады). Егер сенің тобыңда мамандық ұнағандықтан, өз қалауымен түскендер көп болса, олар жақсы оқуға тырысып, курста болады, олармен араласып, cенің біліктігін артады және дамуға тырысасың. Егер сенің тобыңда грант үшін түскендер көп болса, олардың саған алға ұмтылуға талпыныс беретініне күмәнім бар. Олармен сабақтан кейін көңіл көтеру қызық болар, бірақ жоғары оқу орнында оқуыңа көмектесе алатыны екіталай.

Ұқсас жаңалықтар

Бай адамдардың қағидасы

Redaktor Site

«Жасөспірім балалар итті үркітемін деп тас лақтырған» Монтайтаста болған оқиғаға қатысты білім бөлімі жауап берді

redaktor_qazyr

Неге адам терісі түлейді?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz