Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ғұн тарихы

Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “ Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.

Шаньюйден кейінгі басты тұлға түменбасылар болды. Шаньюй өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан түменбасыларын тағайындаған. 24 руды 24 түменбасы басқарған, әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын, онбасын тағайындап отырды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.

Ғұн империясының басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралған. Бекзадалар “Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне жиналып, мемлекеттік істерді талқылады. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын.

Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, 3 қанатқа (сол, орталық, оң) бөлінген. Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ , қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.

Шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев бұл оқиға б.з.б.209 жылы болған деп көрсетеді.

Мөде басқарған ғұн державасының пайда болғандығы туралы қытай деректерінде жазылған. “Көрші ел Дунху елшілері ғұндарға келіп, алғашқыда Мөденің ең жақсы атын беруді талап етеді. Мөде сүйікті атын беруді бұйырады. Елшілер екінші рет келіп, Мөденің сұлу әйелін беруді талап етеді. Мөде әйелін беріп жібереді. Елшілер үшінші рет келіп, шекаралық біраз жерді беру талабын қояды. Бұл жер мал жаюға қолайсыз, бос жатқан жер болатын. Мөде ашуланып:
”Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?” деп Дунхуға шабуылдайды. Оларды талқандап, аумағын өзіне қосып алады.

Қытай жылнамасында б.з.б.4 және 3 ғасырларда ғұн тайпалары бірлестігінің құрылғандығы туралы жазылған. Аумағы – Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралық. Олар көрші халықтарды басып алумен қатар, Қытай жеріне де шабуылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Уақыт үнемдеудің тәсілі

Redaktor Site

Бәкір Тәжібаев — Туған елім

redaktor_qazyr

Мерген Тоқсанбай — Сен керексің

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz