Qazyr.kz
БілімМәдениет

Хан сайлау

Қазақ хандығында хан сайлаудың өз дәстүрі болғанын бәреуі білер, біреуі білмес. Қазақ хандары еуропалық корольдер сияқты мұрагерлік жолмен таққа ие болмаған, олар бірнеше бәскелесімен ашық, әділ сайлауға қатысатын. Бұл қазақ даласында демократияның бұрыннан бар екендігін нақты айғақтайды. Хандық билікке үміткерлер тек қана төре тұқымынан шыққан ақсүйектер, яғни Шыңғыс ханның ұрпақтары ғана бола алатын.

Хан сайлау туралы хабарды қазақтың барлық ру-тайпаларына алдынала арнайы жасауылдар жеткізетін. Осы оқиғаға орай әйелдер мен балалар өзінің ең әдемі деген киімдерін киетін. Ер адамдар бес қаруын сайланып мәслихатқа келетін.

Мәслихат қожаның батасынан басталып, кейін сөз құрметті ақсақалға берілді. Халықтың алдында хан тағына үміткерлер өз баяндамаларын жасайтын. Сөздерінде өздерінің жеке жетістіктері және хан тағына неге лайық екендігі туралы айтатын. Кейін әрбір үміткерді жақтайтын адамдар сөз сөйледі.

Хан анықталғаннан кейін, оның жақтаушылары сөз сөйлеп, сөзінде ханды мақтап, сонымен қатар жетістіктерімен бірге кемшіліктерін де айтатын.

Хан сайлау рәсімі жұма күні өтетін. Ақ киіз төселіп, екі құрметті ақсақал ханды киізге отырғызған. Кейін ең құрметті сұлтандардың, билердің, байлардың және батырлардың арасынан төрт адам шығып ақ киізде отырған ханды үш рет жоғары көтеретін. Осы сәттен бастап хан ресми түрде сайланды деп жарияланған. Кейін ханды құттықтаған соң, оны қайтадан ақ киізбен бірге жақтастары, ақсақалдар бірнеше рет жоғары көтеретін.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Көңілдің кейбір сәттері

redaktor_qazyr

Ғабиден Мұстафин

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты