Qazyr.kz
БілімМәдениет

КСРО қалай құрылды?

КСРО – Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы (1917-1939 жж.)
Петроградтағы қарулы көтерiлiс.
II Бүкiлресейлiк кеңес съезi. Қарулы көтерiлiстiң басталуына «Рабочий путь» және «Солдат» газеттерiнiң беттерiнде қарулы көтерiлiске шақырған мақалалардың жариялануы себеп болды. Уақытша үкiметтiң бұйрығымен 23 қазан түнi екi газет жабылды. Сонымен бiрге Керенский Петроград әскери округiнiң басшысы Г.Полков- никовке большевиктердiң әскери-революциялық комитеті мү- шелерiн тұтқындауға бұйрық шығарды. Қазан айының 24-і күнi таңертең большевиктердiң Орталық Комитетi баспахананы қорғауға әскер жiберуге шешiм қабылдады. Уақытша үкiмет пен94 советтердiң қолына көшкенiн жариялады. «Сондықтан, — дедi советтер съезiнiң қаулысында, — жергiлiктi жерлерде бүкiл өкiмет жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Совет- терiне көшедi, Советтер нағыз революциялық тәртiптi қамтама- сыз етуге тиiс». 26 қазан күнгi съезд жұмысында Совет үкiметiн құру туралы мәселе қаралды. Солшыл эсерлер «барлық партия өкiлдерiнен үкiмет құру» туралы ұсыныс енгiздi. Большевиктер советтерде көпшiлiк болды, сондықтан солшыл эсерлер үкiметтiң құрамына кiруден бас тартты, осының өзі таза большевиктiк үкiметтiң құрылғандығын айғақтады. Үкімет Халық комиссарлар Советi (СНК), ал үкiметтiң мүшелерi – халық комиссарлары деп аталды. Советтер съезi Советтердiң съездер аралығында елдегi өкiметтiң жоғарғы органы – Бүкiл-ресейлік Орталық Атқару комитетiн (ВЦИК) сайлады. ВЦИК-те 101 мүшесiнiң 62-сi большевиктер, 29-ы солшыл эсерлер, қалғаны басқа партиялардың өкiлдерi болды. Съезде В.И.Ленин бiтiм туралы баяндама жасады. Бiтiм туралы декретте Совет өкiметi барлық соғысушы елдермен аннексиясыз, контрибуциясыз әдiл бiтiм жасасуды ұсынды. Декретте құпия дипломатияны жою, құпия шарттарды жария- лау. Бiтiм туралы декретте совет мемлекетiнiң сыртқы саяса- тының принциптерi: пролетарлық интернационализм, барлық халықтардың бостандығы, тәуелсiздiгi мен теңдiгi үшiн күресі қолдау табатыны айқындалды. Соғысты тез арада тоқтату, соғысқа қарсы күрес, бейбiт қатар өмiр сүру, қоғамдық және мемлекеттiк құрылысы әр түрлi мемлекеттердiң араларында туатын дау-жанжалды бейбiт келiсiм арқылы шешу туралы мәселелер көтерілді. Съезде жер туралы мәселе қаралды. 625 депутат бiр ауыздан эсерлердiң дайындаған 242 аманатын қабылдады. Бұл аманатты В.И.Ленин бастаған большевиктер де қолдады. Декрет жерге помещиктiк жер иеленушiлiктi дереу және түбірімен жоюды талап еттi. Заң жерге, жер қойнауына, орман, суларға жеке меншiк жойылады, яғни национализацияланады. Жерге жеке меншiктiң жойылуы, декреттен кейiн аграрлық мәселедегi заңдар шаруалар мен помещиктер арасында наразылық туғызып азамат соғысына95 әкелдi. Помещиктер мұра жерлерiн совет өкiметiне бергiсi келмедi. Совет өкiметi кейiннен помещиктердiң жер иелiктерiн күшпен тартып алып, шаруаларға бөлiп берiп, қоғамдық шаруашылық ұйымдастыру үшін, жеке меншiктiң тамырына балта шапты. Съезд жаңа құрылған Совет үкiметiнiң мүшелерiн бекiттi. Халық комиссарлар Советiнiң төрағасы В.И.Ульянов (Ленин), iшкi iстер халық комиссары А.Рыков, жер халық комиссары В.Милютин, еңбек комиссары А.Шляпников, соғыс және теңiз iстерi жөнiндегi комитет В.Овсеенко (Антонов), Н.Крыленко және П.Дыбенко, сауда және өнеркәсiп В.Ногин, халыққа бiлiм беру А.Луначарский, финанс И.Скворцов (Степанов), сыртқы iстер Л.Бронштейн (Троцкий), Заң Г.Оппоков (Ломов), тамақ жөнiндегi И.Теодорович, пошта және телеграф Н.Авилов (Гле- бов), ұлттар iстерi жөнiнде И.Джугашвили (Сталин) сайланды.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Сағынышым-ау

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты