Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Абай Құнанбайұлы туралы сіз білмейтін деректер

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы( 1845- 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ,композитор, аудармашы, саяси қайраткер [1], либералды білімді исламғатаяна отырып, орысжәне еуропамәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Орта жүздің Арғынтайпасының Тобықтыруынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбайөз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдыңортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданыныңаға сұлтандығына бекіткен. Шешесі ҰлжанОрта жүздің Арғынтайпасынан Қаракесек руыныңшешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжанеркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбаймен Ұлжаннантуған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесінебереді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билерүлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болысболады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевскиймұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байронсияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвинсынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.

Ұқсас жаңалықтар

Шәкәрім Құдайбердіұлы – Адамдық борышың

redaktor_qazyr

Қошке Кемеңгерұлы

Redaktor Site

Наймандар

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz