Qazyr.kz
БілімМәдениет

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттерарасындағы бақталастық күрескүшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алғанГермания өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы,Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.

Германияның күшеюі Еуропадағыбасқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағысалмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.

Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне карағанда карама кайшылықтары күрделі еді. ТіптіАнглия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Төлеген Айбергенов – «Ана»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты