Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Бату хан

Бату, Батый, Сайын хан (моңғ. Бат Хаан, қыт. 拔都可汗) (1208 — 1255) — Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227—1255), қолбасшы. Шыңғыс ханныңнемересі, Жошының екінші ұлы.Шешесі — қоңырат Елші ноянның қызы Кочу хатун.[3] Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы). Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген.

Ұқсас жаңалықтар

Қалай көбейту кестесін жаттап алуға болады?

redaktor_qazyr

Ахмет Байтұрсынұлы

redaktor_qazyr

Міржақып Дулатов — Таршылық халіміз хақында аз мүнәжат

redaktor_qazyr
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz