Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ыстамбұл тарихы

Ыстамбұл, Стамбұл (түр. Istanbul) – Түркияның ең үлкен қаласы. Ыстамбұл илінің әкімшілік орталығы. Мәрмәр теңізінің жағалауында, Босфор бұғазыныңқос жағасында, Азия мен Еуропаны байланыстыратын су торабында орналасқан.

2010 жылы Ыстамбұл Еуропаның мәдени астанасы болды.

Алғашқысы түрiк топонимының ескертуi İstanbul ([isˈtanbul] — иста́нбул, жергiлiктi айтылу ɯsˈtambul — ыста́мбул араб және түрiк көздерде көрiнiп қалады. Атауды қанағатты ғылыми бұны түсiндiру бар болмайды. Истанбул — болған бұл болған Константинополь болған шығу болжам бар болады, бiрақ оның дәлелдердiң түзулерi, алмағанында емес, шамаланған бастапқы форманың аралығында айырмашылық және түпкi өте бұл болжамды қабылдауға болу үшiн едәуiр сол үшiн. Бұрынғы атаулар: Византия, Жаңа Рим, Константинополь Ресми атау: İstanbul (Ыстамбұл).

Ыстамбұлдың еуропалық бөлігі азиялық бөлігімен Византия көпірі арқылы (ұзындығы 1560 м) және паромдармен байланысады. Ыстамбұл мемлекеттің ең ірі сауда-қаржы, өнеркәсіп, мәдени және ғыл. орталығы. Елдің өнеркәсіп өнімінің 60%-ын береді. Мұнда машина жасау, химия, цемент, дәмді тағамдар, жеңіл (тоқыма, аяқ киім, тігін), жиһаз, қағаз, әйнек өнеркәсібі жақсы дамыған. Қалада 3 университет, экономика және сауда академиясы, мәнерлі өнер және кескіндеме, археологиялық музей, қышқалдары музейі, муниципалдық музей, т.б. бар. Қала алғашында (330 – 1453) Рим императоры Константиннің құрметіне Константинополь деп аталды. 395 – 1453 жылы Византия мемлекетінің, 1453 – 1918 жылы Осман сұлтандығының, 1918 – 23 жылы Түркияның астанасы болды. Ыстамбұлда көне ескерткіштер өте көп. Олар үш дәуір сәулет ескерткіштерінен тұрады. Византия кезеңінен қалған император сарайлары мен ғибадатханалары, қасиетті Ирина, Айя София музей ғимараты (іргетасы 325 жылы қаланған), қасиетті Килисе – Димаси (11 ғасырдың 2-жартысы) шіркеуі сақталған. Сонымен қатар ортағасырлық түрік өнерінен Анадолухисары, Румелихсары (1452), Едлкуле (1457) қамалдары; Шахзаде (1548), Фатих – Исами, Баязит, Сулеймание (1550 – 57), Енисали, Ахмадие (Көгілдір мешіт, 1609 – 17) мешіттері сақталған. Қазір музей саналатын Топкана сұлтанның кешен-сарайы (15 – 19 ғасырлар), т.б. көптеген кесенелер мен фонтандар қала сәулетінің құрамдас бөлігі болып табылады. 18 ғасырдан Ыстамбұл сәулетіне Батыс Еуропа стилі ене бастады. Қазіргі заманғы ірі қоғамдық ғимараттар да бой көтерді. Қаладағы тарихи орындарды біріктіретін Ататүрік атынд. мәдени орталық, т.б. мәдени, денсаулық мекемелері бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың қырық үшінші қара сөзі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz