Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ғұндар туралы тарихи деректер

Ғұндар бір кез­де Азия мен Шығыс Еуро­паны ме­кен­де­ген ең ежелгі ха­лықтар­дың бірі бол­ды. Әртүрлі та­рихи де­рек­терде ғұндар­дың ру­лық және тай­па­лық бірлестіктері әрқилы атал­ды. Та­рих­та ғұндар құрған ірілі –ұсақты мем­ле­кет­тер белгілі. Осыған орай олар­дың ішінде ғұндар­дың ең үлкен, ең та­нымал екі им­пе­ри­ясы зор та­рихи із қал­дырды.
Бұлар­дың біріншісі – қытай­лықтар То­ман шаньюй (б. з. б. 209 жы­лы қай­тыс болған) деп атаған Тұман (Ту­мань, Те­оман жабғу) мем­ле­кеті. Ол өмір сүрген ке­зеңде ғұндар мем­ле­кеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұра­гері Құдіретті Мөде (Ме­те) мем­ле­кетті ай­тар­лықтай нығай­тты, ел ше­кара­сын им­пе­рия деңгейіне дейін кеңейтіп, са­палық өзгерістерді жүзе­ге асыр­ды. Ол ғұндар­дың үлкен мем­ле­кетін б. з. б. 209 – 176 жыл­дар ара­лығын­да би­леді. Бұл «Ғұндар­дың шығыс им­пе­ри­ясы» еді.
Екінші им­пе­рия — Еділ (Еділ пат­ша) мем­ле­кеті. Оның за­манын­да ғұндар Ду­най­дан бас­тап Сыр­да­рияға дейін шығыс Еуро­паны ме­кен­де­ген аумақ пен ха­лықтар­ды иеленді. Бұл мем­ле­кет «Ғұндар­дың ба­тыс им­пе­ри­ясы» деп атал­ды.
Қазақстан жеріне б. з. I ғ. ба­сын­да қоныс­танды. Ғұндар бірлестігінің негізін са­лушы Мөде бол­ды. Ол де­рек­тер бойын­ша б. з. б. 230 – 174 жыл­да­ры өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндар­дың би­ле­ушісі Мөде үйсіндер­ге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жы­лы ғұндар екіге бөлінеді:
1.Оңтүстік ғұн мем­ле­кеті қытай­лар­дың қол ас­ты­на кіреді.
2.Солтүстік ғұн мем­ле­кеті қазіргі солтүстік-ба­тыс Моңғолия жерін ме­кен ет­кен. Би­ле­ушілері Чжи-чжи шаньюй бо­лады. Чжи-чжи бас­таған ғұндар Ыс­тықкөл маңын­да қытай әскер­лерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жыл­дан бас­тап екінші рет Ма­жарс­тан жеріне (Венг­рия) қоныс те­беді.
Мем­ле­кет би­ле­ушісінің ти­тулы – шаньюй. Шаньюй­ге түмен­ба­сы, жүзба­сы, он­ба­сылар бағыныш­ты бол­ды. Ғұндар 24 ру­дан құрыл­ды. Әр ру­ды ақсақал­дар басқар­ды. Ақсақал­дар мем­ле­кет ісін талқылау үшін бір жыл­да 3 рет құрыл­тай өткізіп отыр­ды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

География тест

Redaktor Site

Сарымсақ сусынын қалай дайындайды?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz