Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБілімРуханият

Бокстың шығу тарихы

Бокс ерте-Грек елі Элладамен тығыз байланысты.Аңыздарға сүйенсек сол кездегі қолғап иесі-Тесей болған көрінеді.Ал грек философы Платонның жазуынша жұдырықтасу өнерінің иесі-Теңіз құдайы Посейдон мен Мелия есімді нимфаның ұлы-Амикус екен.

Ертеде Грекия жерінде алғаш рет болған бокстың алғашқы белгілері қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесі дәлел келтіреді.

Ал жақында ғана археолог ғалым біздің жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шіркеудің қабырғаларынан бокс қолғабының суреттері табылған болатын.Бір қызығы бокс кубогы сол кезде көбінесе жеңілген боксшыларға беріледі екен.Мәселен соғыс өнері десе ішкен асын жерге тастай салатын Рим императоры Калигула сонау Африкадан құлдарды әкеліп көз алдында қоразша төбелестірген екен.Императордың жеке өз сүйікті спортшысы болған көрінеді.Бұл Глаукос пен Меланкомас есімді алыптар дәл қазіргі бокста қолданылатын біршама соққы түрлеріне негіз салып кеткен.

Алайда Рим мен Грекияда белгілі дәрежеде беделді болған бұл спорт түрі олимпиадалық ойындарға мейлінше кеш тек 23 ойында қосылған.(Б.з.д 688 жылы )
Олимпиададағы алғашқы ойындар жалаң қолмен жүргiзiлген кейiн қос қолға белдiктi орауға көшедi.Одан соң көрермендердiң тiлегiмен бұл белбеулерге темiр сақиналар кигiзiле бастайды.Тұңғыш рет чемпион кубогын гректiң Ономастус есiмдi спортшысы иеленедi.

Ал бокс жеңiмпазына арналған алғашқы арнау өленің Пиндар есiмдi ақын жазған екен.Ол олимпиада чемпионы атанған өзiнiң ұлы Диагоросты мадақтап оған жыр арнайды.Бұл боксшылардың ерлiгi қарсыласының құлағын тiстеген Тайсонның әрекетiндей емес.Мәселен Эуридиамас есiмдi боксшы ойын үстiнде жағы сынады да мұны ешкiм көрiп қалмауы үшiн сынған сүйектi жұтып қойып төбелестi жалғастыра түседi.Оның ерлiгiн кейiн ақын Элиан мадақтап жазады.

Ал ерте Грекияның ең танымал боксшысының есiмi — Тагенес.Тарихшылар оның 1425 рет шаршы алаңнан жеңiмпаз боп қайтқанын айтады.Тагенес рекордының қаймағы бүгiнге шейiн бұзылмаған.

Алайда Рим империясының бiздiң дәуірімізге дейiнгi I ғасырда құлағанынан кейiн бокстың қалай дамығаны жайлы деректер де сақталмаған.Мiне осы деректердiң жоқтығынан да ағылшындар боксты өздерiне телiп жүр.Бокс (boxing) ресми аты да Англияда қалыптасқан.

Бокс өнерінің кемелденуі ағылшын цирк өнерінің маманы Джеймс Драутон деген адамның есімімен байланысты.Ол 1743 жылы бокс заңының кодексін жазып шығады осы кезеңнен бастап алғашқы бокс академиясы мен мектептері пайда болған.

1865 жылы «Маркиз Куинсбери ережесі» — деген арнайы еңбек пайда болып онда қазіргі бокс спорты ережесінің ірге тасы қаланды.

Ағылшын драматургі Бернард Шоу — «бокс» — ол-ақыл өнер шапшандық ширақтық тек қара дөрекі күш емес — деп жазыпты.

1904 жылдан бастап бокс олмпиадалық спорт түріне айналды.Ол 1925 жылдан бастап европалық біріншілікке кірсе 1974 жылдан дүниежүзілік біріншілік өтетін болды ол 1979 жылдан бастап жасөспірімдер арасында дүниежүзілік чемпионат өтіп келеді.Қазіргі кезенде халықаралық бокс федерациясының (АИБА) 156 мүшесі бар.

Бокс спортымен айналысушылар 1860 жылға дейін қолғапсыз жұдырықтасса қолғап кию осы жылдан басталған.Ең соңғы қолғапсыз жұдырықтасудан чемпион болған спортшы — Джон Салливан ол қолғап киіп жекпе-жекке шығып алғашқы дүниежүзінің де чемпионы болды.

Ресей тарихында бокс өнерінің дамуы орыс офицері М.Кистердің есімімен байланысты.Ол ұйымдастырған бокс үйірмесі «Кистер алаңы» деп аталынды.Алғашқы боксшылардың жарыс алаңына шығуы 1895 жылы бастау алады.

Ресей тарихындағы халықаралық жарыс 1898 жылдан басталып ол Петербург қаласында ағылшьш боксшысы Л. Мади мен орыс спортшысы Г. Майер арасында өтелді.Алғашқы рет 1913 жылы өткен Ресей біріншілігіне сегіз боксшы қатысса 1916 жылы — 23 адам қатысқан.

Кеңес боксшылары қатысқан алғашқы олимпиада 1952 жыл еді.

Кәсиби бокс өнері — дүние жүзінде ең кең тараған спорт түрі десек қателеспейміз — оның бастауы XIX ғасырдан басталады.

Джеймс Фигг алғаш бокс мектебiн ашып жастарды былғары қолғап өнерiне баулиды.Бокстың алғашқы ережелерi де Фиггтiң отанында пайда болған екен.Бұл ережелерде рингтiң аумағы раунд ұзақтығы және қолғап салмағы айтылады.1908 жылы бокс ресми түрде олимпиада бағдарламасына енгiзiлiп оған тек ағылшындар ғана қатысады.Бiрақ бұдан кейiн тағы да бағдарламадан тыс қалады да 1920 жылдан берi қайта тұрақты түрде өткiзiлiп келедi.

Кәсiби бокс алаңында Мұхаммед Әли Джо Фрейзер Джордж Формен ағайынды Спайкстер Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады.Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi.1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткенАл 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 4 алтын 3 күмiс медальды жеңiп алды.Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған.Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.

Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi.Қазақстан бойынша жұдырығының өнерiн кәсiп қып жүрген боксшылар санаулы ғана.Олардың алғы шебiнде Василий Жиров Геннадий Головкин Қанат Ислам және Марат Мәзiмбаевтар тұр…

Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.

Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.

Бокста белден төмен желкеден арқадан ұруға баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады.Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.

Қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов

Дереккөз: https://sportsgroup.ru/letnie-vidyi-sporta/istoriya-boksa.html

Ұқсас жаңалықтар

Тәттіні көп жесе не болады?

redaktor_qazyr

Жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз,ойланыңыз — Бас прокуратура

redaktor_qazyr

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz