Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл.
Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
⊙Шақпақата мен Арыстанды.
Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
Ерекшелігі: ерте тас ғ. тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
⊙Қазанғап, Тәңірқазған.
Орналасуы: Оңт. Қаз.

2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ.
⊙Обалысай.
Орналасуы: Жезқазған.
Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Мұзбел.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Қанай.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.
Орналасуы: Арыстанды өз. бойында.
Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.

3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.
⊙Батпақ.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
⊙Шульбинка.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды.
⊙Семізбұғы.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Қарабас, Ангренсор.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ащысай.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
⊙Майбұлақ.
Орналасуы: Жетісу.

4. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ).
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам.
⊙Мичурин, Явленко.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
⊙Дүзбай.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
⊙Тельман.
Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.
Орналасуы: Ақмола.
⊙Әкімбек, Қарағанды.
Орналасуы: Қарағанды маңы.
⊙Қызылсу.
Орналасуы: Маңғыстау.

5. НЕОЛИТ.
150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.
⊙Усть-Нарым.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.
⊙Пеньки.
Орналасуы: Солт. Қаз
Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі.
⊙Сексеуіл.
Орналасуы: Қызылорда обл.
Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі.
⊙Железинка.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.
⊙Қараүңгір.
Орналасуы: Қаратау.
Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.

6. Энеолит.
⊙Ботай.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: б.з.б. 3-2 мыңжылдықтарға жатады. Тұрақта табылған тұрғын үйлердің саны: 158. Ботайлықтардың жетістігі: жылқы малын қолға үйрету.
⊙Шебір.
Орналасуы: Маңғыстау.
Ерекшелігі: тас пен мыстан жасалынған еңбек құралдар табылды. Ыдыстар саз жасалынып, түбі жұмыртқа тәрізді домалақ болып келді. Теңіз моллюскаларының қабықтарын бұрғылап, моншақ жасаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Отбасыға арналған пайдалы кеңестер

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың жиырма сегізінші қара сөзі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz