Qazyr.kz
ӘмбебапҚоғамМәдениет

Ғалым Қалибекұлы — тарихи дерек

1918 жылы сәуірде А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Р. Мәрсеков қатарлы Алаштың арыстары Шәуешек қаласына барған болатын. Әсет ақынның қазіргі бейнесі сол жолғы басқосуда топтық түскен суреттен алынған…
// Тарихи деректен

Аңыз болған қазақтың даласына,
Мәшһүр болған Алаштың баласына –
Ахмет, Міржақып пен Райымжан…
Барған кезі Шәуешек қаласына.

Жел сүйіп жасып түсті желегінен,
Күй төкті қайыңы мен терегінен.
Жас бақта басын қосты кілең жақсы,
Ал, Ахаң ой толғады тереңінен:

«От бастық, қызыл қолмен күл көседік,
Жүрсіңдер, ей, ағайын, кімге сеніп?!
Береке, бірлігіміз жарасқанда,
Өзгенің боданы боп жүрмес едік.

Сәбидей бұлқынамыз жөргектегі,
Әр қазақ – бір-ақ Алаш жер-көктегі.
Басыңда темір ноқта, қайыс ноқта,
Қайран жұрт, маңдайыңнан сор кетпеді!

Бөтенге телім болды ен даламыз,
Құл болды елге тұтқа бел баламыз.
Екі қазақ бірігіп Отан болмай,
Аю мен айдаһарға жем боламыз …»

Өткізген ғазиз бастан сан сынақты,
Ер Ахаң көпті солай қамшылапты.
Күйіктен соқыр көзден жас шығыпты,
Намыстан өлмеген соң жан шыдапты.

Теңгедей болғанынша темір етік,
Күрсінтіп бара жатты өмір өтіп.
…Найманбайдың Әсеті ән салыпты,
Сол топты тебірентіп, еңіретіп.

Мезгілсіз бақ қонбайды құр күткенге,
…Сапарда келеді әлі ілбіп пенде.
Әсеттің, Ахаңдардың шерін қозғар,
Шіркін-ай сол суретке тіл біткенде.

Бусанып Тарбағатай қырқалары,
Шәуешек шаһарына нұр тарады.
Мың тоғыз жүз он сегіз. Сәуір айы –
Алаштың тарихының бір парағы.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Не жетеді түсініс,ұғынысқа!

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Марина Маяковская — Кейде кейде

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты