НОҒАЙ ОРДАСЫ
41.Ноғай деген атау қайдан шыққан: Адамның есімі.
*Ноғай ордасының аты Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшы болған Ноғайдың есімімен аталған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Ноғайға қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі деп атанып кеткен.
42. Қазақстанның солтүстік- батысында Ноғай Ордасының құрылуына себеп болған: Алтын Орданың ыдырауы.
43. Ноғай Ордасының алып жатқан жері: Еділ мен Жайық
44.Ноғай Ордасының орталығы: Сарайшық (Атырау жақтан 60 км.)
45.Сарайшық қаласының іргесі қаланған уақыт: Хғ.
*Сарайшық қаласының дәуірлеген кезі: ХІІ-ХІҮғ.
46.Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар астанасы болған Жайық бойындағы қала: Сарайшық
47.Сарайшық біржолата қирады: 1580ж. Дон және Еділ казактарының шапқыншылығы салдарынан
48.Ноғай Ордасында саны жағынан ең көп тайпа: маңғыт.
49.Ноғай Ордасының екінші аты: Маңғыт елі.
50.Ноғай Ордасының іргесін қалаған: Едіге
51.Ноғай Ордасының Алтын Ордадан бөлінуі осы билеушінің тұсында басталды: Едіге
52.Едігенің Ноғай Ордасында * билік жүргізген жылдар: 1396-1411 жж.
*Едіге Ноғай Ордасын басқарды: 1396-1411 жж.
53.Алтын Орданы басқарған Едігенің атағы: Беклербек
54.Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлініп шығып, жеке мемлекет болды: Едігенің баласы Нұр ад- Дин кезі (1426-1440жж.)
55.Ноғай Ордасының ыдырай бастаған уақыты: ХҮІ ғ. Басы.