Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

І. Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан.

1. ХҮІІ ғасырда қазақ хандығының ішкі- сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған:

кіші хандардың дара билікке ұмтылуы.

* ХҮІІ ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ.

2. 1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір.

3. Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы:

Салқам Жәңгір.

* Жәнгір хан жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара хандығы, Жаркент хандығы, қырғыз елімен одақтастық қарым- қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.

4. Жәгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ

5. Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643ж.

6. 1643 жылы жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: Жәңгір.

7. Орбұлақ шайқасында жоңғар әскерлерінің ту сыртынан 20 мың қолмен шабуыл жасаған батыр:

Алшын Жалантөс

* Жоңғарлар Сібірдің орыстар тұрған қамалдарынан қару- жарақ, зеңбірек алып, қырғыздардан көлік жинап 1652 жылы қазақ жеріне баса көктеп кірді.

8. 1652 жылы майданда қаза тапқан хан: Жәңгір хан.

9. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары Жоңғар хандығының экономикалық қуатын арттырған жағдай:

_ Шығыс Түркістанның Жоңғар хандығына қосылуы.

10. ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны: 9

Ұқсас жаңалықтар

Билогия пәнінен 100 сұрақ жауабымен

redaktor_qazyr

Күзде

Redaktor Site

Лала Жүнісқызы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz