Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Беймәлім Алаш қайраткері

Айсарин Әбдiрахман Көшерұлы (1892 — 1938) Бұрынғы Ақмола губерниясы Петропавл уезі Аққусақ облысы Шоға ауылында дүниеге келген. Жазушы Публицист.

Троицктегі Уазифа медресесінде (1916-1918) жылдары оқыған. Ол 1919 жылы ауыл мұғалімдерінің курстарын бітірді.

1919–1921 жылдары Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер 1921–1922 жылдары Ә.Жангелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы. 1922–1923 жылдары Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер. 1923–1926 жылдары Петропавл уезінде халық соты. 1926–1932 жылы «Бостандық туы» «Кеңес ауылы» «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист. 1932–1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. Ол 1938 жылы жазықсыз жала құрбаны болып атылған. Кейін ақталды.

1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. Оның «Айжанның азабы» «Мәжен» «Той тарқар» «Бәсекелестер жиыны» «Жол айырығы» «Мырзалар» «Жүрек жұмбағы» т.б. әңгімелері «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927–1928) «Көн құрысса қалпына барады» (1928) атты повестері шыққан…..

Ұқсас жаңалықтар

Абайдың жетінші қара сөзі

redaktor_qazyr

Кеш, күнім!

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz