Вернер фон Браун – немiс ғалымы СС офицері зымыран жасау саласының маманы ғарышқа ұшу әуесқойларының бірі.
Вернер фон Браун 1912 жылы 23 наурызда Германияның Вирзиц қаласында (қазіргі Выжск Польша) дүниеге келген. 1932 жылы Берлин технологиялық институтының бакалавр дәрежесін ал 1934 жылы Берлин университетінің докторлық дәрежесін алады. Жастайынан Марсқа ұшу идеясына бой алдырған ол 1929 жылдан бастап Берлиндегі планетааралық байланыс қоғамының жұмысына белсенді араласады. 1932 жылы Германия Қарулы Күштерінің артиллериялық дирекциясына қабылданып сұйық жанармаймен жұмыс істейтін баллистикалық зымырандарын жасау жұмыстарына атсалысады. 1937 жылы Балтық теңізіндегі Пенемюнде аралында неміс әскери зымырандарын зерттеу орталығының жетекшілерінің бірі болады. Вернер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания мен Нидерландыны бомбалау үшін қолданылған V-1 (V-2) зымыраныдарын жасаған бас құрастырушы болады. 1945 жылы 3 мамырда фон Браун және оның қарауындағы қызметкер-ғалымдардың көпшілігі АҚШ оккупациялық билігiне берiледi. АҚШ-қа келгеннен кейін фон Браун (Техас штаты) Форт-Блисс қаласындағы АҚШ әскерінің қару-жарақ жобалау және әзірлеу қызметіне содан соң Хантсвиллдегі (Алабама штаты) «Редстоун» әскери арсеналының басқарылатын зымырандар бөлімін басқарады. 1960 жылы Ұлттық астронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) жетекшілерінің бірі ретінде Хантсвиллдегi Маршалл атындағы ғарыштық ұшу орталықтарының бас директоры қызметін атқарады. Вернердiң басшылығымен «Сатурн» зымыран-тасығышы «Эксплорер» жасанды жер серіктері және «Аполлон» ғарыш кемесі басқарылатын зымыран Айға әзірленді. Кейіннен фон Браун (Мэриленд штаты) Джермантаун қаласындағы «Фэрчайлд спейс индастриз» ғарыштық технологиялар кәсіпорнында өмірінің соңына дейін вице-президенті қызметін атқарады. Ақыры Браун 1977 жылы 16 маусымда (Вирджиния штаты) Алегзандере қаласында қайтыс болады……