- Денеміздің қан айналмайтын жалғыз мүшесі — көздің қасаң қабығы. Ол оттегіге ауа арқылы қанығады.
- Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады.
- Нәресте 7 айлығына дейін бір уақытта тыныс алып, жұтына алады.
- Адамның бас сүйегі 29 түрлі сүйектен құралған.
- Мидан шыққан нерв импульсі сағатына 274 шақырым жылдамдықпен қозғалады.
- Адам миы бір күн ішінде түрлендіретін электр импульстері бүкіл әлемдегі телефондардағыдан қарағанда әлдеқайда көбірек.
- Орташа адам денесіндегі күкірттің мөлшері бір иттің үстіндегі бүргелердің бәрін жоя алады. Ал адам бойындағы көміртек 900 қарындаш жасауға, калий мөлшері ойыншық зеңбіректен атуға, май мөлшері 7 сабын жасауға жетеді. Сонымен қатар денеміздегі сумен 50 литрлік бөшкені толтыруға болады.
- Адам жүрегі бүкіл өмірінде 182 миллион литр қан айдайды.
- Сіз осы сөйлемді оқып отырған кезде, денеңіздегі 50 мың жасуша өліп, жаңасына алмасады.
- Құрсақтағы нәрестенің 3 айлығында-ақ саусақ іздері пайда болады.
Алдыңғы
Келесі