Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қазақстан тарихы тест

1. Е.Пугачевті ашық қолдаған және оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:
A) Қаратай сұлтан
B) Досалы сұлтан
C) Жантөре сұлтан
D) Барақ сұлтан
E) Абылай хан
Жауабы: В
Қазақ рубасыларының бiр тобы Е. Пугачев көтерiлiсiне қолдау көрсетудi бiрден жақтады. Мәселен, Ералы, Досалы, Айшуақ, Сейдалы сұлтандар көтерiлiсшiлер жағына шықты. Досалы сұлтан өзiнiң ұлы Сейдалыны бас етiп, Пугачевке көмек ретiнде қарулы топ жөнелттi. Көп кешiкпей Досалының өзi де соғысқа қатысушыларды ашық қолдады.

2. 1867-1868 жылдарының «Ереженің» басты қағидасы:
А) Хандық билікті жою
В) Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы
С) Кедейленген шаруаларды өндіріске тарту
D) Қазақтардың тіршілік деңгейін көтеру
Е) Ескі шариғат қағидаларын сақтау
Жауабы: В

3. Талды-Қоянды жәрмеңкесі ашылған жыл:
A) 1848 жылы
B) 1843 жылы
C) 1850 жылы
D) 1847 жылы
E) 1841 жылы
Жауабы: А

4. 1950 жылдары шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастаған ағартушы ғалымдар:
A) А.Байтұрсынов, М.Дулатов
B) Бұқар жырау, Ақтамберді жырау
C) Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн
D) Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев
E) Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
Жауабы: Е

5. КСРО ыдырап кеткеннен кейін, астыққа сұраныстың аздығынан Қазақсатнда 1994 жылы егіс алқабы қысқарды:
A) 7 млн гектарға дейін
B) 14 млн гектарға дейін
C) 15 млн гектарға дейін
D) 6 млн гектарға дейін
E) 8 млн гектарға дейін
Жауабы: D

6. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше сезінде қабылданған шешім:
A) Партияға жастарды көбірек тарту
B) Қазақстан партиясының жаңа басшысын сайлау
C) Қазақстан компартиясын тарату
D) Қазақстан компартиясын ұлғайту
E) Партияның атауын өзгерту
Жауабы: С

7. «Аргиппей» сөзінінің латын тілінен аударғандағы мағынасы:
A) «Салт аттылар»
B) «Көшпенділер»
C) «Ақ жалды жүйрік аттардың иелері»
D) «Атты жауынгерлер»
E) «Кезбелер»
Жауабы: С

8. «Дешті уәлаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазылған Өтеміс қажының кітабы:
А) «Оғызнама»
В) «Мухаббатнама»
С) «Кодекс куманикус»
D) «Шыңғыснама»
Е) «Ислам діні»
Жауабы: D

9. XV ғасырдың ІІ жартысында көптеген саяси процестер негізінде Қазақстан жерінде саяси жағынан нығая түскен мемлекет:
A) Моғолстан
B) Әбілқайыр хандығы
C) Қазақ хандығы
D) Батыс Сібір хандығы
E) Ноғай Ордасы
Жауабы: С

10. Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан қазақ хандары:
A) Батыр мен Тақыр
B) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет
C) Сәмеке мен Әбілмәмбет
D) Әбілқайыр мен Батыр
E) Сәмеке мен Әбілқайыр
Жауабы: Е

Ұқсас жаңалықтар

Әбу Сәрсенбаев

Redaktor Site

ҚАРБЫЗДАН УЛАНУДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

redaktor_qazyr

Шымкентте 3 айлық баласы мен әйелін оңдырмай сабаған ер адам әлі қамауға алынбаған

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz