1. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі:
+++Ә.Қастеев+++
2. 1990 жылдағы республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға:
+++«Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданды+++
3. Темір дәуіріне жататын Шығыс Қазақстан жеріндегі сақ қорғаны:
+++Шілікті, Берел+++
4. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған тайпа:
+++Қарлұқтар+++
5. Мәтін мазмұнына мүлдем сәйкес келмейтін жауапты анықтаңыз:
«Біз кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, ол кеніштегі қазіргі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкін болады деп санаймыз және сол үшін мына мәселелердің шешілуін талап етіп, каулы қабыдадық:
Бізге еңбекақы ретінде босатылатып азық-түлік өнімдерінің барлығының да бағасы шұғыл түрде арзандатылсын, өйткені олардың қазіргі бағалары өте қымбат және заңсыз белгіленген…
Жалақының мөлшері көбейтілсін… айына 50 сомға дейін алатындардың жалақысы 25 пайызға, ал 50 сомнан кеп алатындардың жалақысы 15 пайызға арттырылсын.
Ылғалы мол шалшықты зобайда жұмыс істейтін адамдарды кеніш кеңсесінің есебінен су өткізбейтін киім-кешекпен және аяқ киіммен тегін қамтамасыз етіп, толық жабдықтайтын болсын…
… тұрақты жұмыс істейтін орыс-қырғыз (қазақ.-авт.) училищесі ашылатын болсын.
Қырғыз (қазақ.-авт.) жұмысшылары тұратын казармалардағы жағдай шұғыл түрде жақсартылсын».
+++Жұмысшылардың талаптары тек экономикалық сипат алды+++
6. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі:
+++Аталық рудың қалыптасуы+++
7. Савромат ескерткіштерінің зерттелген қорымы:
+++Сынтас+++
8. Қимақтардың астанасы:
+++Имақия+++
9. Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі жазу атауы:
+++Руна+++
10. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінде құрылған облыстар:
+++Сырдария, Ферғана, Самарқан+++