Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді.Бұл туралы Qazyr.kz  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық көлік иелерімен, жолаушылармен тілдесіп, жол ережесін бұзбауға шақыруда. Жүргізушілерге жол апатына бірден-бір себеп болатын қарама-қарсы бағытқа мүлдем шықпауды қатаң ескертуде.
Оның ішінде жұртшылықтың пікіріне орай жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарама-қарсы қозғалыс жолына шығуға құмар «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме шараларын күшейтті. Рейд жасап, оларға жол қателікті кешірмейтіні жеткізілді.
Осы ретте барлық көлік иелеріне жылдамдықты асырмауды, қарсы жолаққа шықпауды, жол қозғалысы ережесіне баса назар аударуға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

admin_qazyr

44 мектеп салынды, тағы 12-сі ашылады: Астанада оқушы орны көбейеді

admin_qazyr

Түркістан облысында қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салу жобасы қарастырылып жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz