Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарЖарнамаҚазірТехнология

Алматыда 24-26 тамызда «AR Cup 2024» халықаралық балалар футбол турнирі өтеді

Алматыда 24-26 тамызда «AR Cup 2024» халықаралық балалар футбол турнирі өтеді.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Балалар спортын және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында НТК арнасы «AR Cup 2024» халықаралық қайырымдылық балалар футбол турнирін ұйымдастыруды қолға алды.
Спорттық шара «Арманда! Дос бол! Ойна!» ұранымен өтеді. Турнирге қатысуға 160 бала (2012-2013 ж.т.) шақырылды, олардың арасында әуесқой футбол орталықтары мен кәсіби клубтардың өкілдері де бар.
Биылғы спорттық жарысқа төрт елден келген 10 команда қатысады: Қазақстаннан (Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды) және Ресейден («Спартак», Мәскеу), Өзбекстаннан («Бунедкор», Ташкент), Қырғызстаннан («АзияГол», Бішкек).
Алғашқы екі күнде топтық турнир ойындары өтеді, онда командалар 5 командадан екі топқа бөлінеді. Үшінші ойын күнінде плей-офф кезеңінің матчтары өтеді, нәтижесінде финалистер анықталып, кейін «AR Cup 2024» турнирінің жеңімпазы анықталады. Сонымен қатар, жеңілген командалар турнирден тыс қалмай, өзара жолдастық матчтар өткізеді.
«AR Cup 2024» турнирінің басты міндеттері – өскелең ұрпақ арасында футболды дамыту және насихаттау, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қолдау, Қазақстан ішіндегі және басқа елдердегі футбол орталықтары мен спорт мектептері арасындағы достық байланыстарды нығайту.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар медальмен марапатталады, ал турнир жеңімпазы «AR Cup 2024» кубогын алады. Бұдан басқа, барлық қатысушы командалар естелік сыйлықтарға ие болады.
Турнир Алматы қаласында 24-26 тамыз аралығында Football Land спорттық-ойын-сауық кешенінде өтеді. Қатысушыларды кез келген адам қолдай алады. Кіру тегін.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

ТЖМ: 6 облыс су астында қалып отыр

redaktor_qazyr

Биылғы оқу жылын 3,8 млн бала аяқтайды

redaktor_qazyr

2023-2024 жылдың күнтізбесі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты