Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ақұштап Бақтыгереева — Жақсылықтан үмітті едім

Жақсылықтан үмітті едім,
Не көрмедім, анажан.
Арақ ішкен жігіт көрдім,
Алған жарын сабаған.

Сезімі жоқ ару көрдім,
Абыройы шашылған.
Адал досқа зәру болдым,
Байлық көрсе бас ұрған.

Халін сынар парықты елдің,
Билік көрдім ақырған.
Сатып алған даңқ көрдім,
Қуыс кеуде пақырдан.

Әйел көрдім орашолақ,
Ерте беттен әр тайған.
Әкім көрдім шаласауат,
«Мен білем» деп шалқайған.

Ата көрдім сақалы жоқ,
Қыз іздеген қылжыңдап.
«Шешен» көрдім айтары жоқ,
Мінбе бермес мылжыңдап.

Міңгірлеген меңіреуден
Мекен көрдім ғаламат.
Елім деумен, еңіреумен
Өтуде асыл азамат.

Сыздатады-ау жүрегімді
Нәзік сезім жырлары.
Әділ деуге бұл өмірді
Аузым бармай тұрғаны.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі жастарға зор үміт артамыз — Думан Әбілев

redaktor_qazyr

Нағыз журналист болу ол өз өміріңді бәске тігумен тең

redaktor_qazyr

Төлеген Жанғалиев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz