Qazyr.kz
БілімМәдениет

Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханұлы 1942 жылы 2 шілдеде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.

Ақын әкесі туралы былай сыр шертеді. “Анам он үш құрсақ көтеріпті. Менен басқаларының барлығы көз жұмды. Мен үйдің он екінші баласымын. Анам 1912 жылғы еді. Мені 1942 жылы, яғни 30 жасында дүниеге әкеліпті. Ал менен екі жас кіші інім Махамбет ата-анамның кенжесі болды. Мен мектепке барғанда ол да «барам» деп ұмтылды. Бірақ жасы жетпеген соң қайдан алсын? Махамбет сол кездің өзінде өте ерекше қабілетті, мықты бала еді. 6 жасында абайсызда құлап, сан сүйегі жарылған екен. Ол уақытта ауылда дәрігер деген атымен жоқ. Кейін ауруы асқынып, ақыры содан о дүниелік боп кетті. Әкем Шахан Досболов 9 жасымда қайтыс болды. Арғы-бергі тарихтан үлкен деңгейде хабардар, білімді, ескіше оқыған, молдалығы бар адам еді. Небір дастандарды, ертегілерді құлағыма құйып отырды. Бастысы өте таза адам еді. Әкемнің де, менің де туған жерім – Отырар ауданы, Шілік ауылы. Бірақ ол жерден біз ерте қоныс аударып кеттік. Кейін 11 жасыма дейін Төле би ауданының Қасқасу ауылында өстім. Негізі менің бет-әлпетім әкеме келеді. Ол кезде біздің ауылда суретке түсіретін адам жоқ еді ғой. Әкемнің суреті де қалмапты”,- дейді ақын.

Мұхтар Шаханұлының анасы Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовты өз ұлындай көрген, екеуі де Шаханұлының анасын өз анасындай құрметтеп өткен.

«Алғашқы өлеңімді бала кезімде жаздым, кейін 16 жасымда республикалық газетке шықты. Сол кезде «16 жасар ақын шықты» деп жарияланды. Бүкіл Қазақстан шулады. Елдің түкпір-түкпірінен 400-ден аса хат келді. Екі адам іздеп келді, оның бірі – Шәмші Қалдаяқов, екіншісі – қазақтың дара тұлғалы ақыны Төлеген Айбергенов», — дейді Мұхтар Шаханұлы.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қалқаман Сарин-Айсұлу

Redaktor Site

Кепкен жемістің пайдасы

Redaktor Site

Орбұлақ шайқасы

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты