Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ұлықбек Есдәулет

Сүйгенiң қандай дейсiң сен:
Күндi көр де – өзiн көр,
Түндi көр де – көзiн көр.
Айды көр де – қасын көр,
Дарияны көр де шашын көр.

Ай мен жұлдыз, күн – бəрi
Жiп есе алмас жолына.
Перизат, хордың қыздары
Су құя алмас қолына!

Мұнтаз мінез, шырақ ой,
Талшыбықтай тұла бой.
Балауыздай бал ерін,
Бұл қызды сүймеу күнə ғой?!.
…Сүйгенiң қандай дейсiң сен!

Ұқсас жаңалықтар

Тұрағұл Абайұлы

Redaktor Site

Ақ қызға

redaktor_qazyr

Мұқағали Мақатаев — Бауыржан Момышұлына

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz