Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Сайрам ауданы: Қарыздарынан құтылу үшін дүкенге ұрлыққа түскен 23 жастағы жігіт ұсталды

Қарыздарынан құтылу үшін дүкенге ұрлыққа түскен 23 жастағы жігітті Сайрам ауданының полицейлері ұстады.Бұл туралы QAZYR.KZ хабарлайды.

Оқиға Сайрам ауданындағы дүкендердің бірінде болған.Күдікті деп танылған 23 жастағы жігіт, смартфон сататын дүкеннің терезесінен кірген.Кейін сөредегі 4 қалта телефон мен қол сөмкелерді жымқырып кеткен.Артынша ұрлаған заттарын сатып жіберген.

Сайрам ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы сауда орталығында болған ұрлықтың бетін ашты.Смартфондар мен қол сөмкені қолды еткен 23 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.Сондай-ақ сатып жіберген смартфондарды дүкен иесіне тапсырды.

Қазір күдікті жігіт қамалды.Оған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Михаил Мишустин Омбыдағы ҚазҰУ филиалына барды

admin_qazyr

Бұрынғы министр Қуандық Бішімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

redaktor_qazyr

Ағылшын тілінде сұрақтар

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz