Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шәкен Оңалбай

Сүйеді әркім өзінің қалағанын,
Алуан еткен табиғат әр адамын.
Біреу жарын аялап қастерлесе,
Біреу арман етеді бала қамын.

Біреу үшін ең қымбат – мансап биік,
Өмір бойы кетеді аңсап, күйіп.
Біреулерге ақша артық ата-анадан,
Жұтсам дейді дүниені таусап тұрып.

Біреу жүрсе әр нені өлшеп біліп,
Жеңу үшін өз «жауын» кең шеп құрып.
Қаскөйліктің түбіне жеткізбей-ақ,
Кетеді екен оны өмір жер соқтырып.

Ал біреуге ардақты ел тілегі,
Соған жаны жадырап серпіледі.
Қауым сүйген мүддені қай-қашан да,
Көз алдына қастерлеп келтіреді.

Ұқсаң,
Мән жоқ мардымсыз өз деміңмен,
Қара сөзді қатық қып езгеніңмен.
Нені сүйдім, осыным дұрыс па, деп
Салмақта дос сананың безбенімен!

Ұқсас жаңалықтар

Ұлы Қытай қорғаны

Redaktor Site

Шал ақын

Redaktor Site

Түркістан облысының халқы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz