Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Баймұрат Кеңес — Ұғыныңдар, жігіттер!

Әкесі жоқ қыздарды жылатпаңдар,
Сезімдерің жоқ болса ұнатпаңдар.
Тектен-текке ренжітіп кете бермей,
Шын сүйіп бір орынға тұрақтаңдар!

Ақылымды тыңдаңдар сыйлы адамдар,
Пәк жүрегін тек саған силаған дәл.
Қатал тағдыр қинады көп аруды ,
Енді сендер оларды қинамаңдар!

Шын ұнатсаң сол сұлу ырыс болар,
(Тек сені шын сүюге тырысты олар).
Қатал тағдыр жылатқан сұлуларды,
Сен жұбатсаң бауырым дұрыс болар!

Тірегі жоқ олардың деп ойламаңдар,
(Жүрегіңнің төріне бойлаған дәл).
Өтінемін, Мұсылман бауырларым,
Олардың сезімімен ойнамаңдар!

Қыз жылатып,
Жігіт бағы жанған емес,
Өзге қыздар сендерге арман емес.
Ұнатыңдар ғашық боп өздеріңде,
Шын сүйіңдер қыздарды, жалған емес!
Шын сүйіңдер қыздарды, жалған емес!

Ұқсас жаңалықтар

Күлімдеу не үшін пайдалы?

Redaktor Site

Ұяң қыздар

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz