Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шерхан Мұртаза

Отырып-отырып, Өмекеме (Өмірбек Байгелдіге) телефон соғайын. Мың болғыр орнында отыр екен.
– Өмеке, Оразаңыз қабыл болсын! Мен ескіжазбаларымды ақтарып отырып, Манастың 1000 жылдығын тауып алдым. Есіңде ме сол той?
Өмірбек:
– Есімде. Тараздан 170 үй апарып тіккенбіз.
– Әп бәрекелде-е-е! Ал, сонда деймін-ау, бізде Манас тұлғалы қайраткер болмаған ба? Әлгі Кирдің басын кесіп алып, қан толтырған меске сол басты салып: – “Кир! Іздегенің қан еді, іш енді тойғаныңша!” – дейтін біздің Тұмар анамыз емес пе?
Өмірбек: – Тұмар-иіс
Мен: – Е, еуропалықтардың Томирис деп жүргені сол екен ғой. Ал енді содан бері қанша жыл?
– 2500 жыл.
– Манас оның қасында бала екен ғой.
– Сонда деймін-ау, Тұмар-иіс анамыздың 2500 жылдығын біз неге атамаймыз? Мұны білетін тарихшылар жоқ па?
– Жоқ.
– Бұдан мыңдаған жыл бұрын гректерден шыққан Геродот болмаса, Тұмар-иіс анамыздан хабарсыз қалатын екенбіз ғой.
– Солай. Тұмар-иіс анаң өз алдына. Зарина апаңды айтсаңшы.
– Ендеше неге жазбайсың, ойбай?!
– Ертең кел, сөйлесейік.
– Құп болады, мақұл.

* * *
Сонда деймін-ау, бұрын бейшара қазақ зиялысы дегені қазақтың тарихын 1917 жылғы ұлы Октябрь революциясынан бастаушы еді. Ендігі қол жеткізгені ХV ғасырдағы Керей мен Әз Жәнібек құрған қазақ хандығы. Одан арыға құлашы жетпеген.
Ал, Өмекемнің құлаш сілтесі мынау… Кәсіби тарихшылар жолда қалды.
Ғылымдағы, тарихтағы бір кем дүние. Зор кем дүние.

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Темірбай

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Түркістан облысының халқы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz