Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ыбырай Алтынсарин

Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа шығып, тынбай шиқылдай беріпті, қасындағы құзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:
— Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың, — депті.
Оған қарға айтты дейді:
— Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын; саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады деп білемін, — депті-міс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан туралы жаттау

redaktor_qazyr

Бірінші жартыжылдықта мәдениет саласында 1500 студент түрлі байқауда жеңімпаз атанды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz